Алаяқтыққа тосқауыл керек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты 2024 жылғы 2 қыркүйектегі кезекті Қазақстан халқына Жолдауында интернет және телефон арқылы жасалатын алаяқтыққа база назар аудару қажет екенін жеткізген.

«Интернет және телефон арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттерге айрықша назар аудару керек. Құқық қорғау органдары мұндай қатерлерді анықтап, қылмыскерлерді құрықтау үшін ақпараттық-сараптама жұмысын күшейтуі қажет. Сондай-ақ, азаматтардың құқықтық және қаржылық сауатын жүйелі түрде арттырған жөн»,- деді Ел Президенті.

Бүгінде желі алаяқтарының шырмауына түсіп, алданып қалып жатқан азаматтардың қатары көбеюде. Әсіресе алаяқтар егде жастағы қарттар мен балаларды әуре сарсаңға салып қойды. Осы тұста Мемлекет басшысының алаяқтыққа тосқауыл қою туралы тапсырмасы біраз азаматтардың алдануының алдын алу шараларының бір түрі деп білемін. Осыған қатысты заң талаптары күшейтілетіні халық үшін жасалған қолдау болмақ.

Б.Асхатқызы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT