АГРОКЕШЕН: Атырауда биыл қандай жұмыстар атқарылды?

Биыл әдетте өндірісті өңір саналатын Атырауда агроөнеркәсіп саласын дамыту бойынша да көптеген жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, жаңа жобалар жүзеге асырылып, батыл бастамалар қолға алынуда. Бұл туралы біз бүгін ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Амангелді Саламатпен сұхбаттасқан едік.

- Амангелді Сағидоллаұлы, алдымен негізгі көрсеткіштерге тоқталып өтсеңіз.

- 1 қараша жағдайына ірі қара мал басы 142%-ға (223,8 мың) артты, жылқы 119%-ға (135,0 мың), түйе 110,0%-ға (41,3 мың) артты, қой мен ешкі 101,9%-ға  артты (587,6 мың), құс саны 248% (195,9) артты.

Есепті кезеңде 37,7 мың тонна ет (104,7%), 26,3 мың тонна сүт (103,9%), 22,7 млн дана (486%) жұмыртқа өндірілді.

- Аталған салада қандай мемлекеттік қолдау көрсетілуде?

- Жыл сайын ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау шаралары көлемі ұлғайып келеді, 2024 жылға шаруашылық субъектілерін қолдау мақсатында субсидиялауға бюджеттен 3 548,0 млн.теңге қаражат көзделген. Оның ішінде, мал шаруашылығы субъектілерін қолдау мақсатында бюджеттен 1931,8 млн.теңге, өсімдік шаруашылығына 446,2 млн. теңге, агроөнеркәсіп кешенін инвестициялық субсидиялауға 746,5 млн. теңге, сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға 556,2 млн.теңге субсидия бөлінді. 

Инвестициялық субсидиялау бағыты бойынша ағымдағы жылдың 10 айында 663,8 млн. теңгесі игерілді. 182 өтінім қабылданып 102 шаруашылық субъектісі қаржыландырылды. Оның ішінде отандық өндірістен ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтары үшін  - 104 өтінім қабылданып, 125 техника мен жабдықтар сатып алынған. Басқа да жабдықтар үшін - 35 өтінім арқылы жабдықтар сатып алынып субсидияланды. Суландыру технологиялары бойынша 26 өтінім қаржыландырылды. Ұңғымалар қазу бойынша 7 өтінім субсидияланды.

- Өңірдегі мал шаруашылығының ахуалы қалай?

- Облыс бойынша мал шаруашылығымен айналысатын барлық ауыл шаруашылығы құрылымдары саны 2133.

Оның ішінде шаруа қожалықтар саны жыл сайын артып келеді. Атап айтқанда, 2023 жылы мал өсіруші 1920 шаруа қожалық тіркелсе, биылғы жылы 1946 - ға артқан.

Мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыру бағытында өңірде асыл тұқымды мал өсіруші 109 асыл тұқымды ірі шаруашылықтар (Ірі қара мал - 70, ұсақ мал - 27, жылқы – 8, түйе - 4,) тіркелген және барлық асыл тұқымды ірі қара мал 8 112 бас, ұсақ мал 35 164 бас, жылқы 1 274 бас, түйе 945 бас.

  Былтырғы жылмен салыстырғанда асыл тұқымды Ірі қара мал өсіруші саны  8 шаруашылыққа көбейген. 

Сонымен қатар, селекциялық - асыл тұқымдық жұмыстарға қатысушы  ірі қара мал аналықтарының саны 26 736 бас, барлық аналық мал бастарына шаққандағы үлесі 24%-ды құрайды.

Өнімділік бағыты бойынша мал тұқымдарының ішінде әсіресе өңірде етті бағыттағы ірі қара мал, қой шаруашылығында еділбай тұқымы, жылқы шаруашылығында қазақтың жабы тұқымы және түйе шаруашылығында қазақы бактриан тұқымдары өсіріледі.

- Егістік алқабы қаншаға ұлғайды?

- Облыс бойынша 2024 жылы егістіктің жалпы көлемі 10 825 гектарды құрайды деп болжанған болатын. Алайда, көктемгі тасқын су салдарынан егістікке дайындалған 5564,3 гектары су астында қалып,       5 260,7 гектарға егістік егілді. Оның ішінде: көкөністер – 1 542,1 га; бақша – 937,3 га; картоп –  600,1  га; мал азықтық дақылдар – 2 181,2 га. Көктемгі су тасқыны өңірдегі егістік алқаптарына айтарлықтай кері әсерін тигізді.

Суармалы жерлер көлемін ұлғайту мақсатында егіншілікте су үнемдеу технологияларын пайдалану көлемін ұлғайту жұмыстары үнемі жүргізілуде. Соның ішінде су үнемдеу технологиясы бойынша жаңбырлату әдісі-2181,2 гектарға, тамшылату әдісі 3079,5 гектарға қолданылды.

Қазіргі кезде облыста егін өнімдерін жинау жұмыстары аяқталып, 137157,4 тонна өнім алу жоспары 100%-ға орындалды, оның ішінде: көкөністер – 69 394,5 тонна, бақша – 37 492,0 тонна, картоп – 15 002,5 тонна, мал азықтық дақылдар – 15 268,4 тонна.

Еске сала кетейін,  2023 жылы егістіктің жалпы көлемі 10 291 гектарды құрады: көкөністер – 2 980 га, бақша – 1 364 га, картоп –  1 930  га, мал азықтық дақылдар – 4 016,5 га. Өткен жылы облыста  егін  жинау жұмыстары нәтижесінде 10 291 га немесе 100% егіс көлемі жиналып, 29 154 тонна картоп, 103 142 тонна көкөніс, 44 675  тонна бақша өнімдері өндірілді. Су үнемдеу технологияларымен өсірілетін егістік алқаптары көлемдері  5 321 гектарға дейін немесе 16,3%-ға ұлғайды, оның ішінде: тамшылатып суару технологиясы – 3 324 га, жаңбырлатып суару – 1 997 га.

Атырау облысы бойынша 2024 жылы үйірлі шегірткелерге қарсы 86,21 мың гектар аумаққа химиялық өңдеу жүргізілді. Оның ішінде, Азиялық шегіртке - 28,11 мың гектар, итальяндық прусқа -  58,1 мың гектар.

Сондай-ақ, аумақта жергілікті бюджет қаражатына 9,51 мың гектар алқаптарда саяқ шегіртке зиянкестеріне қарсы өңдеуге жоспарланған аумақ  толықтай өңделді.

- Ветеринария саласындағы мәселелер қалай шешілуде?

- Жануарлардың аса қауіпті ауруларын болдырмау және алдын алу мақсатында 2024 жылдың жоспарлы жұмыстарына сәйкес облыс бойынша жануарлардың аса қауіпті 11 түрлі ауруларына қарсы 3 551 758 доза вакцина егіліп, 1 050 940 қан сынамасы бруцеллез ауруына тексеріліп, анықталған ауру мал иелеріне жергілікті бюджет есебінен тиісті өтемақы төленеді. 

Осы бағытта ауыл аймақтағы ветеринар мамандарға 2023 жылы 42, 2024 жылы 34 қызметтік автокөліктер сатып алынды. Оған қоса ветеринария саласы қызметкерлерімен халыққа көрсетілетін қызметтердің ыңғайлы болуы үшін биылғы жылы 12, одан кейінгі жылдары 55 ветеринариялық пункт ғимараттарын салу үшін тиісті қаржы қарастырылып, мемлекеттік сатып алу бағытындағы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Күні бүгінге дейін өзекті мәселе болған ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруге арналған сырғалар сатып алу жұмысы шешімін тапты, облысқа жақын арада 309 900 дана сиыр малына және 36 590 дана түйе малына арналған сырғалар жеткізіледі. Бұл облыстың алдағы 4 жылға қажеттілігін қамтамасыз етеді.

Бүгінде облыстың эпизоотиялық ахуалы тұрақты.

- Қандай инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда?

- 2024-2026 жылдары инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша өңірде 277 жұмыс орнымен 36,2 млрд.теңгені құрайтын 7 жобаны іске асыруды көздейтін Жол картасы жасақталды. Оның ішінде 2024 жылы құны 10 млрд болатын 3 жобаның 2-еуі іске қосылды, 1 жоба қараша айында іске қосылады деп күтілуде. 2025 жылы 26,1 млрд теңге құрайтын 4 жобаны іске қосуды жоспарлап отырмыз. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталға 5,6 млрд.тг (НКИ–820,2%) инвестиция тартылып, тиісті кезеңмен салыстырғанда 8 есеге артты.

2024 жылы Жол картасы аясында құны 10 млрд. теңгені құрайтын 3 жобаны іске асыру нәтижесінде 90 жаңа жұмыс орны құрылады.

Сөз арасында айта кетейін, Махамбет ауданында «AtyrauChicken» ЖШС құсетін өндіру жобасы. Жоба құны – 9,9 млрд.тг, қуаттылығы – жылына 5000 тонна құс еті, Ашылатын жұмыс орны – 80. Индер ауданында «Мендешов» ЖК 100 бас ірі қара малына арналған бордақылау алаңы. Жоба құны – 100,0 млн.теңге. Жоба қуаттылығы: жылына 2 400 тонна ет. Ашылатын жұмыс орны: 5 адам; Индер ауданында «Мендешов» ЖК 10 басқа мал сою алаңы. Жоба құны – 50,0 млн.теңге. Жоба қуаттылығы: тәулігіне 10 бас ірі қара мал. Ашылатын жұмыс орны: 5 адам;

Бұдан бөлек, биыл қосымша агроөнеркәсіп кешені саласындағы ірі жобаларды қаржыландыру бағытында 2,5 пайызбен несиелендіру арқылы облыс бойынша 2 инвестициялық жобаға 4,0 млрд.тг қаржы бағытталды. Қаржыландырылған көкөніс сақтау қоймаларының сыйымдылығы 21,5 мың тонна, жалпы құны 7,5 млрд.тг, оның ішінде инвестролар өз қаражаты есебінен 3,5 млрд.тг жұмсайды.

- «Ауыл аманаты» жобасы аясында қандай жұмыстар атқарылуда?

- 2023 жылы облысқа республикалық бюджеттен 1 504 млн. теңге бөлініп, 4 бағыт бойынша бұл қаражатқа 188 несие беру арқылы 199 жұмыс орындарын құру жоспарланып, жыл қорытындысымен 192 несие беріліп, бөлінген қаражат толық игерілді. Қаржыландырылған өтінімдердің нысаналы мақсаты бойынша: мал шаруашылығын дамытуға 1 087,0  млн. теңгеге 138 өтінім; техника мен жабдықтарды сатып алуға 400,0 млн. теңгеге 52 өтінім; өсімдік шаруашылығын дамытуға 17 млн. теңгеге 2 өтінім.

Өтінімдердің басым бөлігі мал шаруашылығын дамытуға жұмсалды, бұл жеке қосалқы шаруашылықтарда жер учаскелерін, сондай-ақ ауыл, елді - мекендердегі бос жерлерді тиімді пайдалануға ықпал етеді.

Ағымдағы жылы қажетті 761,0 млн. теңге қаражат күні бүгінге дейін салалық министрлік тарапынан қаржыландыру күтілуде. Аталған қаражатпен 83 жобаны несиелендіру жоспарланса, қайтарылым қаражатымен (170,0 млн.тг) өңірдегі құрылған ауыл шаруашылығы кооперативтерін несиелендіру жұмыстары жүргізілуде, оның ішінде: мал шаруашылығы - 50 жоба (456,4 млн теңге); өсімдік шаруашылығы - 3 жоба (27,7 млн теңге); шағын бизнесті дамыту - 30 жоба (276,9 млн теңге); Бюджеттік кредиттеу кезінде Сенім білдірілген өкіл «Атырау» ӘКК.  

- Алдағы 2025 жылға қандай жоспар бар?

-Жоспар көп. Атап айтсам, алдымен, егістік алқаптарының көлемін 20%-ға ұлғайту, су үнемдеу технологияларын қолдану көлемін арттыру, ауыл шаруашылығы техникалары паркін жаңарту. Махамбет ауданында «Жумагалиева Н.М.» ШҚ қосымша 4 гектар жылыжай құрылысын бастау. Атырау қаласында «Жумагалиева Н.М.» ШҚ 6000,0 тонна құрайтын көкөніс қоймасын іске қосу. Атырау қаласында «Жолмуханов Б.А.» ШҚ 15,5 тонна құрайтын көкөніс қоймасын іске қосу. Индер ауданында «AI Agro KZ» ЖШС 2000,0 гектар жерге жаңбырлатып суару әдісімен жоңышқа егу. Атырау қаласында «KazGrow Irrigation Systems» ЖШС жылдық қуаты 500 дана жаңбырлатқыш құрылғыларын шығару зауытын іске қосу көзделіп отыр.

Биыл әдетте өндірісті өңір саналатын Атырауда агроөнеркәсіп саласын дамыту бойынша да көптеген жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, жаңа жобалар жүзеге асырылып, батыл бастамалар қолға алынуда. Бұл туралы біз бүгін ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Амангелді Саламатпен сұхбаттасқан едік.

- Амангелді Сағидоллаұлы, алдымен негізгі көрсеткіштерге тоқталып өтсеңіз.

- 1 қараша жағдайына ірі қара мал басы 142%-ға (223,8 мың бас) артты, жылқы 119%-ға (135,0 мың бас), түйе 110,0%-ға (41,3 мың бас) артты, қой мен ешкі 101,9%-ға  артты (587,6 мың бас), құс саны 248% (195,9 мың) артты.

Есепті кезеңде 37,7 мың тонна ет (104,7%), 26,3 мың тонна сүт (103,9%), 22,7 млн дана (486%) жұмыртқа өндірілді.

- Аталған салада қандай мемлекеттік қолдау көрсетілуде?

- Жыл сайын ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау шаралары көлемі ұлғайып келеді, 2024 жылға шаруашылық субъектілерін қолдау мақсатында субсидиялауға бюджеттен 3 548,0 млн.теңге қаражат көзделген. Оның ішінде, мал шаруашылығы субъектілерін қолдау мақсатында бюджеттен 1931,8 млн.теңге, өсімдік шаруашылығына 446,2 млн. теңге, агроөнеркәсіп кешенін инвестициялық субсидиялауға 746,5 млн. теңге, сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға 556,2 млн.теңге субсидия бөлінді. 

Инвестициялық субсидиялау бағыты бойынша ағымдағы жылдың 10 айында 663,8 млн. теңгесі игерілді. 182 өтінім қабылданып 102 шаруашылық субъектісі қаржыландырылды. Оның ішінде отандық өндірістен ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтары үшін  - 104 өтінім қабылданып, 125 техника мен жабдықтар сатып алынған. Басқа да жабдықтар үшін - 35 өтінім арқылы жабдықтар сатып алынып субсидияланды. Суландыру технологиялары бойынша 26 өтінім қаржыландырылды. Ұңғымалар қазу бойынша 7 өтінім субсидияланды.

- Өңірдегі мал шаруашылығының ахуалы қалай?

- Облыс бойынша мал шаруашылығымен айналысатын барлық ауыл шаруашылығы құрылымдары саны 2133.

Оның ішінде шаруа қожалықтар саны жыл сайын артып келеді. Атап айтқанда, 2023 жылы мал өсіруші 1920 шаруа қожалық тіркелсе, биылғы жылы 1946 - ға артқан.

Мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыру бағытында өңірде асыл тұқымды мал өсіруші 109 асыл тұқымды ірі шаруашылықтар (Ірі қара мал - 70, ұсақ мал - 27, жылқы – 8, түйе - 4,) тіркелген және барлық асыл тұқымды ірі қара мал 8 112 бас, ұсақ мал 35 164 бас, жылқы 1 274 бас, түйе 945 бас.

  Былтырғы жылмен салыстырғанда асыл тұқымды Ірі қара мал өсіруші саны  8 шаруашылыққа көбейген. 

Сонымен қатар, селекциялық - асыл тұқымдық жұмыстарға қатысушы  ірі қара мал аналықтарының саны 26 736 бас, барлық аналық мал бастарына шаққандағы үлесі 24%-ды құрайды.

Өнімділік бағыты бойынша мал тұқымдарының ішінде әсіресе өңірде етті бағыттағы ірі қара мал, қой шаруашылығында еділбай тұқымы, жылқы шаруашылығында қазақтың жабы тұқымы және түйе шаруашылығында қазақы бактриан тұқымдары өсіріледі.

- Егістік алқабы қаншаға ұлғайды?

- Облыс бойынша 2024 жылы егістіктің жалпы көлемі 10 825 гектарды құрайды деп болжанған болатын. Алайда, көктемгі тасқын су салдарынан егістікке дайындалған 5564,3 гектары су астында қалып,       5 260,7 гектарға егістік егілді. Оның ішінде: көкөністер – 1 542,1 га; бақша – 937,3 га; картоп –  600,1  га; мал азықтық дақылдар – 2 181,2 га. Көктемгі су тасқыны өңірдегі егістік алқаптарына айтарлықтай кері әсерін тигізді.

Суармалы жерлер көлемін ұлғайту мақсатында егіншілікте су үнемдеу технологияларын пайдалану көлемін ұлғайту жұмыстары үнемі жүргізілуде. Соның ішінде су үнемдеу технологиясы бойынша жаңбырлату әдісі-2181,2 гектарға, тамшылату әдісі 3079,5 гектарға қолданылды.

Қазіргі кезде облыста егін өнімдерін жинау жұмыстары аяқталып, 137157,4 тонна өнім алу жоспары 100%-ға орындалды, оның ішінде: көкөністер – 69 394,5 тонна, бақша – 37 492,0 тонна, картоп – 15 002,5 тонна, мал азықтық дақылдар – 15 268,4 тонна.

Еске сала кетейін,  2023 жылы егістіктің жалпы көлемі 10 291 гектарды құрады: көкөністер – 2 980 га, бақша – 1 364 га, картоп –  1 930  га, мал азықтық дақылдар – 4 016,5 га. Өткен жылы облыста  егін  жинау жұмыстары нәтижесінде 10 291 га немесе 100% егіс көлемі жиналып, 29 154 тонна картоп, 103 142 тонна көкөніс, 44 675  тонна бақша өнімдері өндірілді. Су үнемдеу технологияларымен өсірілетін егістік алқаптары көлемдері  5 321 гектарға дейін немесе 16,3%-ға ұлғайды, оның ішінде: тамшылатып суару технологиясы – 3 324 га, жаңбырлатып суару – 1 997 га.

Атырау облысы бойынша 2024 жылы үйірлі шегірткелерге қарсы 86,21 мың гектар аумаққа химиялық өңдеу жүргізілді. Оның ішінде, Азиялық шегіртке - 28,11 мың гектар, итальяндық прусқа -  58,1 мың гектар.

  Сондай-ақ, аумақта жергілікті бюджет қаражатына 9,51 мың гектар алқаптарда саяқ шегіртке зиянкестеріне қарсы өңдеуге жоспарланған аумақ  толықтай өңделді.

- Ветеринария саласындағы мәселелер қалай шешілуде?

- Жануарлардың аса қауіпті ауруларын болдырмау және алдын алу мақсатында 2024 жылдың жоспарлы жұмыстарына сәйкес облыс бойынша жануарлардың аса қауіпті 11 түрлі ауруларына қарсы 3 551 758 доза вакцина егіліп, 1 050 940 қан сынамасы бруцеллез ауруына тексеріліп, анықталған ауру мал иелеріне жергілікті бюджет есебінен тиісті өтемақы төленеді. 

Осы бағытта ауыл аймақтағы ветеринар мамандарға 2023 жылы 42, 2024 жылы 34 қызметтік автокөліктер сатып алынды. Оған қоса ветеринария саласы қызметкерлерімен халыққа көрсетілетін қызметтердің ыңғайлы болуы үшін биылғы жылы 12, одан кейінгі жылдары 55 ветеринариялық пункт ғимараттарын салу үшін тиісті қаржы қарастырылып, мемлекеттік сатып алу бағытындағы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Күні бүгінге дейін өзекті мәселе болған ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруге арналған сырғалар сатып алу жұмысы шешімін тапты, облысқа жақын арада 309 900 дана сиыр малына және 36 590 дана түйе малына арналған сырғалар жеткізіледі. Бұл облыстың алдағы 4 жылға қажеттілігін қамтамасыз етеді.

Бүгінде облыстың эпизоотиялық ахуалы тұрақты.

- Қандай инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда?

- 2024-2026 жылдары инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша өңірде 277 жұмыс орнымен 36,2 млрд.теңгені құрайтын 7 жобаны іске асыруды көздейтін Жол картасы жасақталды. Оның ішінде 2024 жылы құны 10 млрд болатын 3 жобаның 2-еуі іске қосылды, 1 жоба қараша айында іске қосылады деп күтілуде. 2025 жылы 26,1 млрд теңге құрайтын 4 жобаны іске қосуды жоспарлап отырмыз. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталға 5,6 млрд.тг (НКИ–820,2%) инвестиция тартылып, тиісті кезеңмен салыстырғанда 8 есеге артты.

2024 жылы Жол картасы аясында құны 10 млрд. теңгені құрайтын 3 жобаны іске асыру нәтижесінде 90 жаңа жұмыс орны құрылады.

Сөз арасында айта кетейін, Махамбет ауданында «AtyrauChicken» ЖШС құсетін өндіру жобасы. Жоба құны – 9,9 млрд.тг, қуаттылығы – жылына 5000 тонна құс еті, Ашылатын жұмыс орны – 80. Индер ауданында «Мендешов» ЖК 100 бас ірі қара малына арналған бордақылау алаңы. Жоба құны – 100,0 млн.теңге. Жоба қуаттылығы: жылына
2 400 тонна ет. Ашылатын жұмыс орны: 5 адам; Индер ауданында «Мендешов» ЖК 10 басқа мал сою алаңы. Жоба құны – 50,0 млн.теңге. Жоба қуаттылығы: тәулігіне 10 бас ірі қара мал. Ашылатын жұмыс орны: 5 адам;

Бұдан бөлек, биыл қосымша агроөнеркәсіп кешені саласындағы ірі жобаларды қаржыландыру бағытында 2,5 пайызбен несиелендіру арқылы облыс бойынша 2 инвестициялық жобаға 4,0 млрд.тг қаржы бағытталды. Қаржыландырылған көкөніс сақтау қоймаларының сыйымдылығы 21,5 мың тонна, жалпы құны 7,5 млрд.тг, оның ішінде инвестролар өз қаражаты есебінен 3,5 млрд.тг жұмсайды.

- «Ауыл аманаты» жобасы аясында қандай жұмыстар атқарылуда?

- 2023 жылы облысқа республикалық бюджеттен 1 504 млн. теңге бөлініп, 4 бағыт бойынша бұл қаражатқа 188 несие беру арқылы 199 жұмыс орындарын құру жоспарланып, жыл қорытындысымен 192 несие беріліп, бөлінген қаражат толық игерілді. Қаржыландырылған өтінімдердің нысаналы мақсаты бойынша: мал шаруашылығын дамытуға 1 087,0  млн. теңгеге 138 өтінім; техника мен жабдықтарды сатып алуға 400,0 млн. теңгеге 52 өтінім; өсімдік шаруашылығын дамытуға 17 млн. теңгеге 2 өтінім.

Өтінімдердің басым бөлігі мал шаруашылығын дамытуға жұмсалды, бұл жеке қосалқы шаруашылықтарда жер учаскелерін, сондай-ақ ауыл, елді - мекендердегі бос жерлерді тиімді пайдалануға ықпал етеді.

Ағымдағы жылы қажетті 761,0 млн. теңге қаражат күні бүгінге дейін салалық министрлік тарапынан қаржыландыру күтілуде. Аталған қаражатпен 83 жобаны несиелендіру жоспарланса, қайтарылым қаражатымен (170,0 млн.тг) өңірдегі құрылған ауыл шаруашылығы кооперативтерін несиелендіру жұмыстары жүргізілуде, оның ішінде: мал шаруашылығы - 50 жоба (456,4 млн теңге); өсімдік шаруашылығы - 3 жоба (27,7 млн теңге); шағын бизнесті дамыту - 30 жоба (276,9 млн теңге); Бюджеттік кредиттеу кезінде Сенім білдірілген өкіл «Атырау» ӘКК.  

- Алдағы 2025 жылға қандай жоспар бар?

-Жоспар көп. Атап айтсам, алдымен, егістік алқаптарының көлемін 20%-ға ұлғайту, су үнемдеу технологияларын қолдану көлемін арттыру, ауыл шаруашылығы техникалары паркін жаңарту. Махамбет ауданында «Жумагалиева Н.М.» ШҚ қосымша 4 гектар жылыжай құрылысын бастау. Атырау қаласында «Жумагалиева Н.М.» ШҚ 6000,0 тонна құрайтын көкөніс қоймасын іске қосу. Атырау қаласында «Жолмуханов Б.А.» ШҚ 15,5 тонна құрайтын көкөніс қоймасын іске қосу. Индер ауданында «AI Agro KZ» ЖШС 2000,0 гектар жерге жаңбырлатып суару әдісімен жоңышқа егу. Атырау қаласында «KazGrow Irrigation Systems» ЖШС жылдық қуаты 500 дана жаңбырлатқыш құрылғыларын шығару зауытын іске қосу көзделіп отыр.

Сұхбаттасқан: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT