«Бүгінгі күні 50-ден астам блогер 2,5 миллиард теңгеден астам табысы туралы хабарлады. Олар бойынша салықтар төленді. Қалғандарына әлі де уақыт бар. 30 жұмыс күні берілді. Наурыз айының соңына дейін салыстыру жұмыстарын жүргізіп, толық ақпарат береміз» деді Ержан Біржанов.
Бұған дейін 15 блогер 75 миллион теңге салық төлеген еді.
Айта кетейік, 854 блогерге жалпы сомасы 71,9 миллиард теңгені құрайтын «табысты төмендету» дерегі бойынша камералдық бақылау аясында ескерту жолданған.