2025 жылы жалпыұлттық пул шеңберінде өңірде 17 жоба жүзеге асырылмақ

Өткен жылы Атырау облысында жалпыұлттық пулға енгізілген инвестициялық жобалардың құны 68,5 млрд теңгені құраған,-деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Құрылыс, өндіріс және сауда салаларындағы ірі жобалар облыстың экономикасын дамытуға және әлеуметтік тұрақтылықты арттыруға ықпал етті.

-2024 жылы жалпыұлттық пул шеңберінде 15 жоба іске қосылған болатын. Оның ішінде ерекше атап өтетін болсақ, «Тексол Транс» ЖШС вагон құрылысы зауыты, сонымен қатар Батыс Қазақстандағы “Инфинити Мол” сауда ойын-сауық орталығы және ұлттық индустриалдық мұнай-химия технопаркінде орналасқан "Интаго Қазақстан" тоқыма емес геосинтетика зауыты,- деді Инфрақұрылымды-инновациялык жобаларды дамыту бөлімінің басшысы Гульфайруз Маратова

2025 жылы жалпыұлттық пул шеңберінде 17 жобаны іске қосу көзделіп отыр. Оларға, атап айтқанда, «FFS қап шығаратын зауыт», «Ет бағытындағы құс фабрикасы», «Локомотивтердің тірек арқалықтарын өндіру цехы» және «Шортанбай балық шаруашылығын жаңғырту» т.б. кіреді. Бұл бастамалар жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етуге және өңірдің өндірістік әлеуетін арттыруға бағытталған. Пул ұзақ мерзімді тендерлер арқылы тоқсан сайын жүргізіледі.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT