2025 жылдың 1 тамызы мен 20 қазаны аралығында Қазақстанда ұлттық ауыл шаруашылығы санағы өтеді

Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы 2025 жылдың 1 тамызы мен 20 қазаны аралығында өтеді. Бұл елдің аграрлық секторының жай-күйі туралы өзекті деректерді алуға бағытталған ауқымды статистикалық зерттеу.

Санақ ҚР Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүргізіледі, өткізу мерзімі ауыл шаруашылығы жұмыстарының маусымдылығын ескере отырып, ҚР Үкіметімен бекітілген. Іс-шара екі кезеңде өтеді: онлайн-сауалнама және үй шаруашылықтарын аралап өту.

Онлайн-кезең 1-31 тамыз аралығында sanaq.gov.kz сайтында өтеді. Заңды тұлғалар, фермерлер мен үй шаруашылықтары санақ парақтарн қашықтан өз бетінше толтыра алады. Сайтқа кірген кезде респондент ЭЦҚ, QR-код немесе СМС арқылы тіркеліп, авторизациядан өтуі қажет. Қызметі мал шаруашылығымен, өсімдік шаруашылығымен және балық шаруашылығымен байланысты барлық заңды тұлға, соның ішінде ЖШС, шаруа және фермер қожалықтары міндетті түрде санаққа қатысуы керек.  Сауалнама аяқталғаннан кейін респонденттің электрондық поштасына санақтан өткені туралы хабарлама келіп түседі.

20 қыркүйектен 20 қазанға дейін интервьюерлер онлайн сауалнамадан өтпеген шаруашылықтарға баратын болады. Үй-үйді аралау кезінде жеке қосалқы шаруашылық жүргізетін, бақшасы мен жер учаскесі бар, мал ұстайтын үй шаруашылықтары сұралады.

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін ауылдық әкімдіктерде және аудандық статистика бөлімдерінде интернетке қосылған өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары ашылған. Кеңес алу үшін азаматтар sanaq.gov.kz сайтында sanaq-Myrza виртуалды көмекшісіне немесе 1446 байланыс орталығына жүгіне алады.

Санақтың мақсаты – ауыл шаруашылығының жай-күйі: шаруашылықтардың құрылымы, техниканың болуы, жануарлар, егіс алқаптары және басқа ресурстар туралы толық және өзекті ақпарат алу. Бұл деректер мемлекетке тиімді аграрлық саясат әзірлеуге, фермерлерді қолдауға және саланы дамытуға көмектеседі. Барлық ұсынылатын ақпараттың құпиялылығы сақталады, деректер «Мемлекеттік статистика туралы» заңымен қорғалады және салық немесе басқа мемлекеттік органдарға берілмейді.

Біз барлық азаматтарды санаққа белсенді қатысуға шақырамыз. Бұл жай ғана статистикалық шара емес, бұл – азық-түлік қауіпсіздігі, фермерлерді қолдау және аймақтарды дамыту шешімдерінің негізі. Барлық қатысушы тарапты өздерінің азаматтық ұстанымын танытып, санаққа белсенді түрде қатысуға шақырамыз.

Санаққа қатысуыңыз – еліміздің ауыл шаруашылығының болашағына қосқан үлесіңіз екенін есте ұстаңыз!

 

Индер аудандық статистика бөлімінің басшысы

М.Әжіғалиева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT