14 шалғай елді мекен интернетке қосылды, 5G станциялары орнатылуда

Атырау облысында цифрлық инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстарда да оң нәтиже бар. Өңір әкімі Серік Шәпкеновтің айтуынша, интернетпен қамту деңгейі 99,7%-ға жетіп, 14 шалғай орналасқан елді мекені интернетке қосылды. 155 5G базалық станциясы орнатылып, 43 ауылға талшықты-оптикалық интернет желісі тартылуда.

«Қоғамдық қауіпсіздікті арттыру мақсатында 15 мыңға жуық камера Жедел басқару орталығына қосылды. Оның 100-ден астамы жасанды интеллектімен жұмыс істейді», - деді өңір әкімі ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT