12 млрд теңге сомасына әлеуметтік жобаларды іске асыру басталды

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңның субъектілері әлеуметтік-мәдени объектілерді салуға қатысуы қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитеті. 

Осылайша, активтерді қайтару бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында тізілім субъектілерімен 12 млрд теңгеге әлеуметтік жобаларды іске асыру бойынша 4 келісімге қол қойылды.

Солардың бірі – Алматы қаласында заманауи мәдениет орталығын салу жобасы болып табылады. Оның ауданы үш мың шаршы метрден асады және арнайы залдар мен әмбебап көрме алаңдарын, білім беру және демалыс орындарын қамтиды. Объект іске қосылғаннан кейін жыл сайын халықтың әлеуметтік осал топтарынан келушілерге тегін репетициялар мен шеберлік сабақтары өткізіледі деп күтілуде.

Тағы бір мысал, Шымкентте мұқтаж отбасыларды одан әрі қамтамасыз ету үшін мемлекет меншігіне өтетін көпқабатты тұрғын үй құрылысы болып табылады.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521