12 мамыр - мейірбике күні

Осыған орай Атырау облыстық ауруханасының жансақтау және оңалту бөлімшесінің мейірбикелерімен жұмысы туралы сөйлестік. 

Бүгінде Атырау облыстық ауруханасының жансақтау бөлімінде 12 адамға арналған керуерт бар. Бірақ жөндеу жұмыстарына байланысты 6 керуерт модульдік ауруханаға  уақытша ауыстырылды.  Қазіргі уақытта  ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАНЫҢ жансақтау бөлімінде 3 науқас жатыр. Оның екеуі бас ми жарақаты, біреуі миға қан құйылу диагнозымен түскен.  Адам өмірін сақтап қалу үшін барлық құрал жабдықтармен жасақталған дейді мамандар.

Ал модульді аурухананың оңалту бөлімшесінің мамандарының айтуынша,  бұл бөлімшеге көбіне инсульт алған науқастар түседі. Қазіргі уақытта әртүрлі ауруға шалдыққан 25 адам оңалту емін алып жатыр. Оларға нұсқаушы, логопед, массажист  деген сияқты мамандар қызмет көрсетеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT