1-сыныпқа қалай қабылдануға болады және қандай құжаттар қажет? (Сұрақ сізден-жауап бізден)

- 1-сыныпқа қалай қабылдануға болады  және қандай құжаттар қажет?

-Білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымы қызмет көрсететін аумақта тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, алты жастағы және күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балаларды 1-сыныпқа қабылдауды қамтамасыз етеді.

Құжатты 1 сәуір мен 31 тамыз аралығында тапсыру қажет. Олар:

1) 3х4 сурет;

2) 052/2 баланың денсаулық паспорты;

3) 065-е профилактикалық егу картасы.

Портал арқылы қабылданған кезде 1 қыркүйектен бастап білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағында өтініш берген бірінші 3 үміткер содан кейін білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағынан тыс бірінші болып тіркелген 1 үміткер қабылданғаны туралы хабарлама жіберіледі.   

-Ұлымды сабақ кезінде басқа мектепке ауыстыруға бола ма? 

-Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығына сәйкес, «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы (ата-ана немесе заңды өкіл) құжаттарды портал немесе қағаз тасығыш арқылы тапсыра алады.

1) портал арқылы жүгінген жағдайда, қызметті алушының «Жеке кабинетіне» қажетті ақпарат (тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, сыныбы, оқыту тілі және мектебі) енгізіледі.

Хабарлама алу: Мемлекеттік қызметтен бас тарту кезінде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасы ЭЦҚ-мен қол қойылған хабарлама жібереді. Хабарламада бас тарту себептері көрсетіледі.

2) қағаз жеткізгіште құжаттарды қабылдау: қағаз жеткізгіште құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті беруші келетін ұйымға ұсыну үшін келу туралы есептен шығару талонын береді.

Талон тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), туған күні, сыныбы, оқыту тілі және мектебі туралы ақпаратты қамтиды.

Есептен шығару талоны: оқуға келген білім алушы келетін білім беру ұйымына есептен шығару талонын ұсынады.

Есептен шығару талонының түпнұсқасы білім алушы кететін орта білім беру ұйымынан құжаттарды алу үшін беріледі.

Келу туралы куәлік: Келу туралы сырттай куәліктің түпнұсқасы білім алушының кететін орта білім беру ұйымына беріледі. Бұл куәлік басқа орта білім беру ұйымына келгеннен кейін беріледі.

Негізгі талаптар:

1) көрсетілетін қызметті алушылардың жеке мәліметтері мен оқу орнына қатысты ақпараттың дұрыстығы.

2) құжаттардың толықтығы мен уақытында тапсырылуы.

Бұл процесс балалардың білім беру ұйымдары арасында ауысуын жеңілдетуге арналған және ата-аналар мен заңды өкілдерге қажетті ақпаратты алу мен құжаттарды рәсімдеуде көмектеседі. Егер сізге қосымша ақпарат қажет болса немесе нақты сұрақтарыңыз болса, жергілікті білім беру басқармасының ресми сайттарына немесе кеңселеріне жүгінуіңізге болады.

- Білім алып жатқан азаматтар «Әскерге шақырудан кейінге қалдыру» қызметін қалай ала алады?

-Қызметті алу үшін elicense.kz порталына кіру қажет. «Қауіпсіздік» қойындысынан қажетті қызметті және мемлекеттік мекемені таңдаңыз.

Әрі қарай, ұсынылған және қосымша жолдарды толтырып, кейінге қалдыру себебін, сондай-ақ әскери есепке алу мәртебесінің орналасқан жерін көрсетіп, құжаттардың электрондық көшірмелерін жүктегеннен кейін электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, өтінішке қол қою қажет.

Оқу кезеңінде білім алатын азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік нөмірі тіркелген және қосылған жағдайда, порталдың есептік жазбасына көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ немесе бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініш;

2) оқып жатқандығын растайтын білім беру ұйымының анықтамасының электрондық көшірмесі.

- "Дипломмен ауылға" бағдарламасын кімдерге арналған? 

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында көтерме жәрдемақы мен тұрғын үй алу үшін бюджеттік кредит ауылға келген дипломды мамандар мен мемлекеттік қызметшілерге беріледі.

Бұл әлеуметтік қолдау шарасы мемлекеттік қызмет арқылы ұсынылады. Маман қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап:

- күнтізбелік отыз тоғыз күн ішінде көтерме жәрдемақы төленеді;

- күнтізбелік отыз екі күн ішінде келісім жасасу рәсімі жүзеге асырылады және келісім жасалғаннан кейін отыз жұмыс күні ішінде тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит беріледі;

- әлеуметтік қолдау шараларын ұсынудан бас тартылған жағдайда уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде тұтынушыға дәлелді жауап жібереді.

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпаратты www.minagri.gov.kz. сайтынан «Дипломмен ауылға» бөлімінен алуға болады.

- Тегін үйірмелерге қалай тіркелуге болады?

- 4 пен 17 жас аралығындағы балаларға арналған жан басына шаққанда нормативтік қаржыландыру бағдарламасы бойынша үйірмелерді іздеу және оларға жазылу үшін арнайы «DamuBala» платформасы бар. Тегін үйірмелерге жазылу үшін жоғарыда аталған жүйеге тіркеліп, балаларыңыздың профильдерін (аты-жөні, туған жылы, өзге де ақпараттар енгізіп) құрып және өз таңдауыңыз бойынша оларды спорттық үйірмелерге немесе шығармашылық үйірмелерге тегін жаза аласыз. Ескере кететін жағдай - бір бала 1 үйірмеге ғана тегін жазыла алады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT