Атырау облыстық ауруханасының бас дәрігері қызметінен уақытша босатылды

Жұмыс комиссиясы медициналық мекеме басшылығының «Covid -19» жұқтырудың алғашқы және кейінгі фактілерін тіркеу кезіндегі әрекеттерін зерттеуде, деп хабарлайды Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штаб.

Атырау облыстық ауруханасының бас дәрігері Сайын Шомиров қызметінен уақытша босатылды. Қазіргі уақытта басқарманың медициналық мекемеде коронавирустық инфекцияның таралуына жол берілуі фактісі бойынша комиссия құрылды. Естеріңізге сала кетейік, 8 сәуір күні Бас дәрігердің шешімі бойынша науқастар мен облыстық аурухананың дәрігерлері коронавирус инфекциясын жұқтыруына байланысты аурухана карантинге жабылған болатын. 31 наурыздан бастап медициналық қызметкерлер арасында 10 фактісі және науқастардың ішінде қауіпті індетті жұқтырған 12 фактісі анықталды.

- Қазіргі уақытта комиссия Covid -19 жұқтырудың алғашқы және кейінгі фактілерін тіркеу кезіндегі аурухана басшылығының іс-әрекеттерін тексеруде. Комиссия жұмысының нәтижелері бойынша қазіргі бас дәрігерді қызметінен уақытша босату немесе қызметінен босату туралы шешім қабылданады, деп хабарлады жедел штаб.

Айта кетейік, облыстық аурухана қазір қалыпты режимде жұмыс істейді, науқастарды шұғыл түрде емдеуде. Тұрғындарды жеті бөлім қабылдауда - гинекология, гематология, нейрохирургия, травматология, нейротравматология, хирургия және реанимация.

Карантиннен кейін 160 медицина қызметкері жұмысқа шықты.

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика