Тасқынға тосқын жасаймыз!

Республикалық «Amanat» партиясы аудандық филиалы жақында фракция отырысын өткізіп, онда  көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі қаралды. Мәслихат депутаттары қатысқан комиссия отырысын аудандық филиал хатшысы Дәурен Сағынғалиев ашып, аталған мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары Әсет Оразғалиев хабарлама жасады.
-Индер ауданы бойынша барлығы 7 ауылдық округте ұзындығы 18 950 м қорғаныс бөгеттері бар, барлық құжаттары заңдастырылып, теңгерімге алынған. Атап айтқанда Жарсуат ауылы 4 900 метр, Құрылыс ауылы 5 600 м, Индербор кенті 750 м, Көктоғай ауылы 600 м, Өрлік ауылы 3 200 м, Есбол ауылы 2 800 м, Елтай ауылы  1 100 м. аумақты алып жатыр. 
Негізінен қауіпті аумаққа Жарсуат және Құрылыс елді мекендері кіреді, бөгеттердің 10 500 метр осы аумақта орналасқан.  Жарсуат, Құрылыс ауылдарындағы қорғаныс бөгеттерін жөндеу үшін жобалау-сметалық құжаттары жасалынып, 42 миллион теңге қаржыға сұраныс берілді. Қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу порталы арқылы мердігер мекемені анықтау жұмыстары жүруде,-дейді хабарламашы Әсет Самарханұлы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521