Премьер-Министр балық шаруашылығы саласы үшін мамандар дайындау бастамасын қолдады

 ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Атырау облысына жұмыс сапары кезінде Н.Балғымбаев атындағы даму және коммуникация орталығында Қазақстанның балық шаруашылығын дамыту мәселелері бойынша кеңес өтті.

С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетіндегі кездесу кезінде оның ректоры Гүлзада Шакуликова Үкімет басшысымен «Балық шаруашылығы және кәсіптік балық аулау» мамандығы бойынша мамандар дайындау мәселесін талқылады.

Премьер-Министр ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзом Мырзағалиевке ЖОО-ның бастамасын қолдауды және өңірге де, жалпы елге де қажет балық саласы мамандарын дайындауда қолқабыс етуді тапсырды.

Г.Шакуликова нақтылап айтқандай, тиісті кадрларды дайындау «Ихтиология, кәсіптік балық аулау және балық шаруашылығы» мамандығы бойынша 2001 жылдан, ал, «Балық шаруашылығы» мамандығы бойынша 2004 жылдан бері жүргізіліп келеді. Балық шаруашылығы саласының ардагерлері де аталған саланың мамандарын дайындау бүгін өңір үшін аса өзекті мәселе екенін атап өтті.

Еске сала кетейік, Атырау облысында балық аулайтын 18 өндірістік кооператив қызмет етеді. Өткен жылы өңірге 15 464 тонна балық аулауға квота бөлініп, ол 84,7% игерілді.

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика