Әкесі ұлына қол көтерген

Өткен аптада аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Гүлнұр Сүйеуованың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия өтті.

Мәселенің мәнісі А.К. есімді азаматтың ішімдік ішкен күйде отбасындағы кәмелеттік жасқа толмаған ұл-қыздарына қол көтеретіндігі күн тәртібінде қаралды. Айталық, 8 шілде күні азаматтың некедегі жолдасы М.Т. көтерме жұмыста болып балаларын жолдасының қадағалауына қалдырып кеткен. Алайда, жасы қырықтан асқан ағасы сол күні ішімдік ішкен күйде еш себепсіз ұлына қол көтеріп, ұрып-соғып денесіне жарақат салған. Осы орайда, сот медициналық сараптамасы тағайындалып, қорытынды бойынша «жеңіл дәрежедегі дене жарақатын алғаны» көрсетіліп, азаматтың үстінен ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы 2-бөлігі 1-1 тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, аудандық сотқа жолданыпты.

Осы тектес оқиға осыдан екі жыл бұрын қайталанып, әкесі өзінің жасы кәмелетке толмаған қызын ұялы телефон қарап отырғаны үшін соғып, жауапкершілікке тартылып, комиссия отырысында ісі қаралып, түзелуге мүмкіндік берілген болатын. Алайда, азамат араға жыл салып, жоғарыда аталған оқиғаны қайталап, өзінің міндеттерін орындамай отырғанын көруге болады. Комиссия отырысына қатысқан анасы М.Т. сөзінен, балаларының әкесі жұмыстан сәл кешіксе болды, қорқып үреймей отыратын аңғардық. Көзіне жас алған ана жолдасының тапқан нәпақасын үйіне әкеліп бергенімен, оны араққа жұмсайтыны белгілі болды. Жиын соңын комиссия төрағасы Гүлнұр Жалғасқызы қорытындылап, азаматты алты айға Атырау қаласындағы мәжбүрлі түрде емдеу орталығында емдету туралы шешім қабылданды. Қазіргі таңда сотқа жолдану үшін құжаттары жинақталуда.

Өз тілшімізден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521