Индерде екі мопед тіркелді

 

2024 жылғы  3 қазандағы Қазақстан Республикасының (бұдан әрі-ҚР) кейбір заңнамалық актілеріне «жекелеген көлік құралдары түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру» мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, аталған заңның 41 бапқа сай мопед – қозғалтқышының көлемі елу текше сантиметрден аспайтын іштен жану қозғалтқышымен не электр қозғалтқышпен жабдықталған және ең жоғары конструктивтік жылдамдығы сағатына елу километрден аспайтын екі немесе үш дөңгелекті механикалық көлік құралы, мопедтерге мокиктер, скутерлер және осыған ұқсас сипаттамалары бар басқа да механикалық көлік құралдары теңестірілетіндігі көрсетілген.

 Осыған орай 2025 жылдың 5 сәуірінен бастап мопедтер ресми түрде механикалық көліктерге теңестірілді және тіркелмеген мопедтерді немесе құқықсыз пайдалануға тыйым салынады. Аталған бағыттағы жұмыстардың алдын алу мақсатында, Индер ауданы полиция бөлімі екі мопед көлік құралын ресми түрде тіркеді.

Мопедтерді ресми түрде заңдастыру үшін төменде аталған шараларды өткеру қажет:

  • А1, А немесе В санатындағы жүргізуші куәлігі болуы,
  • Тіркелу үшін тұрғылықты жері бойынша мамандандырылған ХҚКО-на (жеке куәлік және мопедтің техникалық құжаты бар сипаттамалары бар) құжаттармен жүгіну қажет.

      Құрметті Индер ауданының тұрғындары мен қонақтары, «Жол қозғалысы туралы» Заңға шағын электро көлік құралдары мен электр скутерлерін пайдалану тәртібіне заңнамалық түзетулер енгізілуіне байланысты, Индер ауданы полиция бөлімі Жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауды ескертеді!

 

Н.И. Ахметов

Индер АПБ-нің бастығы

      полиция полковнигі                                                                     

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT