Ауданда өнеркәсіп саласы өзекті тақырып болып отыр

Облыс әкімі Махамбет Жолдасқалиұлы Досмұхамбетов ауданға арнайы жұмыс сапарымен келіп, 30-дан аса нысандағы қызметтердің мән-жайымен тереңдей танысты.

Қашанда өңірдегі өзекті тақырып болып келген өнеркәсіпті дамыту бойынша ауданда да көптеген тың бастамалар қолға алынып жатқанын «Ақтау Битум» ЖШС-нің өндірістік кеңсесінде аудан әкімі Мейірім Қалауи кеңінен сөз қозғады. Индер газ желілік өндірістік басқармасы, Мұнай айдау стансасы басшылары Ұлықпан Шүйінішқалиев пен Шафхат Қомашев бастаған басқалары, атап айтқанда өткен жылы 2596 вагон жөнелткен «ИндерТеміржолы» ЖШС, жылдық қуаты 100 мың тонна тұз болатын «Ақтау Битум» ЖШС, құрғақ гипс қоспалар көлемін өсіруді мақсат еткен «ИСИГипсИндер» ЖШС, жылдық қуаты 300 мың тонналық «INDERTUZKOMPANI» ЖШС өкілдері мен жетекшілері өндіріс көлемдерін ұлғайту мүмкіндіктері мен қиындықтарын әңгімеледі.

1212

Өткен жылы аудандағы барлық өнеркәсіп өнімі көлемі 2 млрд. 566,0 млн. теңге болғанын ескерген облыс әкімі Махамбет Жолдасқалиұлы бұл кәсіпорындардың аталған қуаттылықтарына жетіп, бүгінгі жоғары бәсекелі ортаға лайық сапалы өнім шығара алғанда ғана облыс көлемінде өздерінің лайықты орындарын ала алатындар ашып айтты. Ал Индер-Мақат теміржолының ауыстыруға жататын бөлігін жөндеуге жеткілікті қаржы бөлігін қарастыру жайы да осы арада сөз болды. Сонымен бірге облыс басшысы аудандағы 300-ден аса индерлікті жұмыспен қамтып отырған бұл кәсіпорындардың олардың әлеуметтік жағдайларын одан әрі түзетіп, тұрақты еңбекпен қамтылуына жол ашып, өндірісті кеңейте түсеміз деген тілектеріне де сенім білдірді.

Мұның алдында ғана Индер тұзды көлінің басында болып, бұл маңға емдеу орындарын салу жөніндегі ұсыныс жайын сөз еткен аудан басшысы оған Индер-Қарабау жолы арқылы жетудің мүмкіндігі болашақта жеңілдей түсетінін де жасырмады. Құны 24,8 млрд. теңге болатын 87,8 км. Индер-Қарабау жолын қайта жаңғырту жұмыстары өткен жылдың үшінші тоқсанында басталған болатын.

dsc_1816

Осы жұмыстар 18 айға созылатыны туралы тапсырыс беруші жақ өкілі, облыстық жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ә.Оразғалиев таныстырып шықты. Бұл жолдың жаңғыртылуы ауданның туристік мүмкіндігін де кеңейтіп, Дендер күмбезіндегі түрлі қазба байлықтармен қоса тарихи ескерткіштер мен киелі орындарға, үңгірлер мен карьерлердің тартымлығына қазығушылардың қатары өсе түсетінін Мейірім Жоламанұлы әңгімеледі.

Бұл ретте Қазақстанның «киелі орындар» картасына енген Махамбет мазары маңын абаттандыру жобасы да айтылмай қалмады. Мұндай жаңа жобалар мәдениет үйінде өткен презентация кезінде де кеңінен таныстырылып өтті.

С.ХАЛЫҚОВ

"Дендер" -Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521