Аудан әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

ҚЫЗМЕТКЕ ТАҒАЙЫНДАУИНДЕР АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ
ӨКІМІМЕН:
ИМАНҒАЗИЕВ БАУЫРЖАН ЕСҚАБЫЛҰЛЫ
ИНДЕР АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ.

Иманғазиев Бауыржан Есқабылұлы - 1976 жылы 05 қарашада Батыс Қазақстан облысы Тайпақ ауданы Базар-шолан ауылында дүниеге келген.

1993 жылы Базар-шолан ауылындағы Қызылжар орта мектебін бітірген.

2006 жылы Орал қаласындағы Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжін мұнай мен газды қайта өңдеу мамандығы бойынша, ал 2007 жылы Батыс Қазақстан инженерлік технологиялық университетін құрылысшы мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2006 жылы Атырау қаласындағы «Жас-Сервис секьюрити» ЖШС-ң қызметкері болып бастаған. 2008 – 2012 жылдары аудандық құрылыс бөлімінің бас маманы, 2012 жылы Индер ауданы әкімінің орынбасары, 2012-2020 жылдары аудандық құрылыс бөлімінің бас маманы, басшысы, 2020 жылдың 01 қыркүйегінен күні бүгінге дейін аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы қызметтерін атқарып келді.
Отбасылы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT