Ауа райына байланысты ескеру жарияланды

Ауа райының бұзылуына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

25 мамырда Ақтөбе облысында кей жерлерінде найзағай жарқылдап, дауыл соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады. Желдің күші кей жерлерде 18 м/с жетеді.

Күндіз Атырау облысының кей жерлерінде және Атырау қаласында солтүстік және солтүстік- шығыстан соғатын жел қарқыны 15-20 м/с болады. Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік- батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады. Жел жылдамдығы - кей жерлерде 15-20 м/с. Күндіз кей жерлерде 40 градус аптап ыстық болады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады. 25 мамырда шығыстан жел соғады. Түнде кей жерлерде желдің екпіні - 15-20 м/с, күндіз кей жерлерде - 25 м/с дейін күшейеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521