Атырауда ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін цифрлық қызмет көрсету бұрышы ашылды

Атырау қаласындағы № 1 ХҚО-да ерекше қажеттіліктері бар адамдар мемлекеттік қызметтерді өз бетінше ала алатын цифрлық қызметтер бұрышы ашылды.

Цифрлық бұрыш есту және сөйлеу қабілеті нашар клиенттер үшін толығымен бейімделген компьютерден тұрады. Ол құлаққаппен және арнайы пернетақтамен жабдықталған. Арнайы бағдарлама барлық қажетті ақпаратты құлаққап арқылы хабарлап тұрады.

Мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алу үшін цифрлық бұрыш ашу идеясын Атырау ХҚО қызметкерлері Айбек Идаятов пен Айнұр Мұстажапова ұсынды. 

«Біз барлық клиент үшін қолайлы жағдай жасаймыз, біздің филиалда ерекше қажеттілігі бар 25 адам еңбек етеді. Олардың ішінде Айнұр Мұстажаповамен бірге Айбек Идаятов та бар. Біз олардың бастамасын қолдап, цифрлық қызмет бұрышын аштық», - деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Атырау филиалының директоры Мұса Хайруллиев.

Сондай-ақ ол ерекше қажеттіліктері бар адамдар мемлекеттік қызметтерді алуы үшін барлық ХҚО-да арнайы терезелер қызмет ететінін айтты.

Жаңа бұрыш Әбілқайыр хан даңғылы, 66а мекенжайы бойынша №1 ХҚОның бірінші қабатында орналасқан.

«Біздің ұсынысымызды қолдаған және арнайы бұрыш ұйымдастырған басшылыққа алғыс айтқым келеді. Онда әртүрлі мүгедектік топтары бар клиенттер мемлекеттік қызметтерді өз бетінше ала алады. Менің ойымша, бұл бастамасы ғана, ол әрі қарай барлық жерде қолдау тауып, кеңінен таралатынына сенімдімін!» – деді ХҚО маманы Айбек Идаятов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз