11 қаңтарда Қазақстанда қар мен жаңбыр жауады деп болжанып отыр

«Қазгидромет» РМК 11 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Циклон жырасы Қазақстан аумағының басым бөлігіне әсерін тигізеді және соған байланысты атмосфералық фронталды бөлімдерде жауын-шашын күтіледі, республиканың солтүстігінде, шығысында, орталығында қар жауады, тек елдің оңтүстік-шығысында жауын-шашын түспейді. Кей жерлерде тұман күтіледі, жел күшейеді, еліміздің оңтүстігі мен батысында көктайғақ болады, -  деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК

Ақмола облысының батысында бұрқасын болады, түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман, күндіз облыстың оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында бұрқасын болып, шығысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с-ке дейін жел күшейеді.

Қостанай облысының солтүстігінде, батысында бұрқасын болады, облыстың оңтүстігін, шығысын тұман басады, облыстың солтүстігінде және батысында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының күндіз оңтүстік-батысында, батысында жаяу бұрқасын болады, жел 5-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Қарағанды облысының күндіз батысында жаяу бұрқасын, солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман болады, күндіз батысында, орталығында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Қызылорда облысының солтүстігін, орталығын тұман басады, күндіз көктайғақ, таңертең және күндіз солтүстігінде, орталығында желдің 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күндіз жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктері аудандарында тұман күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысын және орталығын тұман басады, көктайғақ, солтүстігінде, шығысында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, батысында көктайғақ, солтүстігінде тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, түнде және таңертең Павлодар, Алматы облыстарының оңтүстігінде тұман күтіледі. 

Түнде Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында көктайғақ күтіледі.

azh.kz 

РЕСПУБЛИКА КҮНІ

25qazan-respublika

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика