Жаңа НҚА-да сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін үздік сарапшылар тартылатын болады

Мемлекет басшысының бастамасы бойынша азаматтар мен қоғамдық ұйымдарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі іс-қимылға неғұрлым ауқымды тартудың катализаторы ретінде НҚА жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманы қалпына келтіру бойынша заңнамалық түзетулер енгізілді.

Осыған байланысты, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі НҚА жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы төрт кезеңнен тұратын ғылыми сараптама жүргізу үшін, сарапшыларды конкурстық іріктеудің басталғаны туралы жариялайды.

-конкурстық іріктеуге қатысушылардың құжаттарын қабылдау – ағымдағы жылы 15 қазанға дейін;

- конкурстық іріктеуге қатысушылардың құжаттарын қарау – ағымдағы жылы 19 қазанға дейін;

- үміткерлерге тестілеу өткізу-ағымдағы жылы 22 қазанға дейін;

- кандидаттар мен әңгімелесу- ағымдағы жылы 29 қазанға дейін.

Объективтілік пен бейтараптылықты қамтамасыз ету мақсатында әрбір кезең бойынша шешімдер қабылдауды арнайы құрылған конкурстық комиссия жүзеге асыратын болады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманы ұйымдастырушы мен үйлестірушінің ақпараты бойынша, сапаны қамтамасыз ету және формализмге жол бермеу үшін осы жұмыста сарапшылардың көрсететін қызметтеріне ақы төлеу көзделген.

Осыған байланысты, Агенттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізуге қатысуға және сыбайлас жемқорлықты жоюға өзінің жеке кәсіби үлесін қосуға ниет білдірушілердің барлығыншақырады. Конкурстық іріктеудің толық ережелерімен Агенттіктің сайтында танысуға болады.

COVID 19

covid

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика