Шөмелені шөбім бар деме...

Арқалы ақын Мұқағали «Шілде келіп, тағыда жаз бола ма, Айдын көлге құс келіп, қаз қона ма?» деп жырлайтын осынау  шекені әбден қыздырып, табанды ыстаған аспан жерге түскендей аптап ыстықта шаруа адамдарын қолдағы малға жеткілікті пішен дайындау ісі қатты алаңдатуда.

Асылында әр жылды бір-бірімен еш ұқсатуға болмайды.Биылғы жаңбырсыз жаздың басты қиындығы ыстықтан гөрі осы құрғақшылық болып тұр. Сондықтан да «Жаздың әр күні жылға азық» болатынын ұққан тұрғындар мен кейбір қожалықтар әр бумасы 5 мың тұратын тасымал пішенді жандәрмендей сатып алып, кеш туған қозы-лақтың аузына тосып отырған жайларын айтады.

Шындығында осы жаздың ең қиын да күрделі мәселесі осы пішен дайындап алудың жайы болатын түрі бар. Биыл аудандағы есепке алынған малға қажетті пішен көлемі 54 мың тоннаға жуық болады деген есеппен салалық бөлімдегілер көрші облыстағы аудандармен хабарласып, шалғы ұстаған ағайынға қамқор көз, шынайы ықылас танытуға шақырып жатқандарын жеткізді.

Жасыратын несі бар ежелден қолдағы малға пішенді Батыс Қазақстан облысы мен көрші Қызылқоға ауданы жерінен дайындап алу, болмаса олардын сатып алуға индерліктердің бой үйретіп алған жайлары бар. Оны біз хабарласқан округтер басшылары да жасырмайды.

Алыстағы Көктоғай округіне алғашқы бір-екі машина пішен барып та үлгерген екен. Көктоғай округі бойынша, мамырдағы есеппен 2882 ірі қара, 17327 қой-ешкі, 2747 жылқы, 998 түйеге қажетті 8600 тонна пішен дайындауды жобаланса, бөденеліктер 4320 тонна пішен керектігін айтады. Әзірше ауылға тек бір машина тасымал пішен келіп, оларды тұрғындар бағасына қарамастан қолдағы төлге қажет деп сатып алған.

-Біздің округтегі шаруа қожалықтарының көпшілігі жылда Батыс Қазақстан облысына барып, жер иелерімен тікелей келісіп, пішен дайындап алып жүр. Жылда 3-4 бригада осы пішен дайындау, тасып жеткізу жұмыстарымен айналысады. Тағы екі-үш қожалық өз техникаларымен өз малына сол жақтан  пішен дайындайды,-деді бізге Есбол округінің әкімі Ерболат Сабиров. 

Жылда 5-6 бригада құрылып, далалыққа шығатын Елтай округінде де бұл жұмысты алдағы уақыттың еншісіне беріп қойыпты. Көктоғайлықтар да бүгінгі аптап сәл сейілдеп, техниканы жұмысқа қосуға мүмкіндік туған жағдайда, яғни 15-20 шілдеге қарай шабындыққа шықпақшы.

Ал жылда өзгелерден бұрын пішен дайындау жұмысына кірісетін Жарсуат округінде өндірістік кооператив ұжымы ғана техника, шалғы-орақтарын сайлап, осы істі қыздыра түскен. Бұл «Жарсуат» ӨК жылма-жыл өз есебіндегі малмен қатар округтегілерді де қажетті пішенмен қамтуы дәстүрге айналған. Ол биыл да өз жалғасын табады деген сенім бар.

Ал әзірше шілденің шіліңгір ыстығының беті қайтар түрі көрінбейді.

С.БИСЕНОВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521