Еліміздің демографиясының артуына үлес қосып, ұлқызын тәрбиелеп жүрген аналарымыздың бірі – «Алтын алқа» иегері, жарсуаттық Мелиат Есқайырова. Ол 1989 жылы Жарсуат ауылында дүниеге келген. Мектепті тәмамдаған соң, Индеркөпбейінді ауылшаруашылық колледжінде аспаздық мамандықты игереді. 2008 жылы жары Кенжеғазы Жұбаевпен танысып, тұрмысқа шығады. Бүгінде отағасымен бірге он баланы тәрбиелеп, өсіруде. Үлкені Альбина 9 сыныпта, Мәдина 8 сыныпта, Әскербек 6 сыныпта, Алтынбек төртінші сыныпта, Сабина екінші сыныпта, Тұрсынбек бірінші сыныпта оқиды. Ал, Айерке төрт жаста, Айбике үш жаста, Айзере екі жаста болса, кенжесі Томирис сегіз айлық. Отағасы түрлі жұмыста еңбек етіп, отбасын асырап отыр. Толығырақ Dender Gazeti
Жадыра Нариманқызы