Қысқа дайындық басталды

Біздің өңірдің қатқыл қысы жайбасарлықты көтермейді, қапы қалсаң кешірмейді.

Сондықтан қыр астындағы  қысқа дайындық өте маңызды.  Өрт  қауіпсіздіге де өзекті. Осы мәселелер  аудан әкімінің орынбасары Мұхамбетқали Алдерзиннің төрағалығымен өткен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияда қаралды.

Негізгі мәселе – қысқа дайындық жайы  аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Абзал Рамазанов баяндамасында қамтылды.

Биылғы жылу беру маусымына ауданға 34 829 765 теңге қаржы облыстық бюджеттен бөлінген. Оның ішінде 5 млн 108 300 теңге 12 білім беру нысандарына, 3 млн 260 мың теңге 9 мәдениет үйіне, 26 млн 461 465 теңге 21 бюджет есебінен қаржыландыратын мекемелер қамтылады. Жалпы аудан бойынша 22 білім беру, 8 балабақша, 17 денсаулық нысандары, 38 бюджеттік мекеме, 69 көп қатарлы тұрғын үйлердің жылыту қазандықтары  мен жылу желілері толықтай тексеріліп шыққан. Көпқабатты тұрғын үйлерде пәтерішілік қазандықтарын пайдаланып отырған тұрғындардың иелері анықталып, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі және «КазТрансГазАймақ» АҚ-ның  бөлімшесінің мамандарының қатысуымен жылыту қазандықтарының заңдылыққа сәйкес орнатылғандығымен, құзырлы органдардан келісім алған-алмағаны толықтай тексерілген. Кенттегі Д.Қонаев көшесіндегі №20-21 көпқабатты тұрғын үйлердің пәтерішілік жылыту қазандықтары қауіпсіздік ережелеріне сәйкес іске қосылған. Алайда «КазТрансГазАймақ» АҚ тарапынан келісім алынбаған. Енді осы аталған 2 көпқабатты тұрғын үйдің қазандықтарын заңдастыру мақсатында әрбір пәтерге жеке жоба жасақталып, облыстық энергетика және тұрғын - үй коммуналдық шаруашылық басқармасынан келісім алынып, «КазТрансГазАймақ»АҚ-нынан қорытынды алу үшін жобалар табысталған.  Күн тәртібінде көтерілген мәселеге орай тиісті тапсырмалар берілді.

 

Толығырақ "Дендерде"

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521