Вы здесь: HomeАудан тынысыБірде-бір жас елеусіз қалмауы тиіс Облыс әкімі "Жастар жылын" мазмұнды өткізуді тапсырды

Бірде-бір жас елеусіз қалмауы тиіс Облыс әкімі "Жастар жылын" мазмұнды өткізуді тапсырды

Биыл – Жастар жылы. Алайда оны қалай өткізу қажет. Қайткенде еліміздің түкпір-түкпірінде әр салада қызмет етіп жүрген жастар толық қамтылады. Шешімін күткен қандай мәселе бар. Міне, жақында облыс басшысының көшпелі мәжілісінде осы мәселе күн тәртібінде көтерілді.

Ауданға іссапармен келген облыс әкімі Нұрлан Ноғаев жаңадан ашылған Жастар орталығын аралап, аудандық жастар ресурстық орталығының жұмысымен танысты. Заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген орталықта барлық жағдай қарастырылған. Жастардың пікір алмасу алаңында болған аймақ басшысына аудан жастары алдағы жоспарларымен бөлісіп, еркін әңгімелесті.

Одан әрі облыс әкімі «Жастар саясаты саласындағы мәселелер және Жастар жылын жоғары дәрежеде өткізу» жайында көшпелі мәжіліс өткізді. Әуелі облыстық Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Роллан Құспан «Атырау облысы жастарын қолдаудың 2019-2021 жылдарға арналған Жол картасы мен жастар жылын қалай өткізу» туралы баяндама жасады. Жалпы өңіріміздегі 14 пен 29 жас аралығындағы жастардың саны шамамен 150 мыңға жуықтаған.

Бұл облыс халқының 23,5% құрайды. Жастар арасында әлеуметтік зерттеу жүргізіліп, нәтижесінде олардың бүгінгі беталысы және ерекшеліктері мен проблемалары зерттелген. Олардың ішінде интернет-ресурстардың кері әсерінен жастардың дәстүрлі құндылықтарды жоғалтуы, қолжетімді және сапалы білім, ЖОО оқу бағасының қымбаттығы, жастарға қажетті инфрақұрылымның жеткіліксіздігі, жұмыспен қамту мәселесі - жұмыс өтілінің жоқтығы, төмен еңбекақы, өз мекенжайы бойынша жұмыс орындарының болмауы, қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мәселесі бар.

Міне, осы сұрақтарды толықтай саралаған басқарма басшысы алдағы жылғы жұмыс жоспарды айқындау мақсатында, облыс жастарының жан-жақты дамуына бағытталған «Атырау облысы жастарын қолдаудың 2019-2021 жылдарға арналған Жол картасы» әзірленгенін, бұл құжат жастардың көкейтесті мәселелерін жоспарлы түрде шешуге бағытталғанын атап өтті.

Одан әрі Роллан Қабылұлы жастармен жұмыс істеу саласындағы барлық құрылымдармен бірлесе отырып, жүйелі түрде жұмыс атқарған жағдайда «Жол картасы» көздеген мақсаттарды толық орындай алатынына сенімді екенін айта келе, жас мамандардың әлеуметтік мәселелерін шешу үшін біржолғы көтерме жәрдемақы мен баспана алуға берілетін қаржының көлемін көбейту сынды ұсыныстарымен бөлісті.

Өз кезегінде аудан әкімі Мейірім Қалауи аудандағы жастардың жағдайына тоқталды. Жалпы ауданда жастармен жұмыс жақсы. Аудан бойынша жастар саны – 8270, ол аудан халқының 24%-ын құрайды. Жастардың үлкен өмірге қадам басып, қоғамнан өз орнын табуы жұмыспен қамтылудан басталады десек, өткен жылы 772 жас тұрақты жұмыспен қамтылса,116-сы қоғамдық жұмысқа тартылған, 46 әлеуметтік жұмыс орнына жіберілген.

Жастар басқосқан кездесу жиынын облыс әкімі Н.Ноғаев қорытындылап, бірлескен жұмыстың жүйелі болуын, жастардың айтқан ұсыныстары мен сауалдарын негізге ала отырып, алдағы уақытта өзекті мәселелерді шешу керектігін айтып, көтерілген сауалдар бойынша тиісті басқарма басшыларына тапсырмалар жүктеді.

Д.АЙБАР.

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?

Яндекс.Метрика

Біз туралы

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы 16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru