Жерлестеріміз Гүржі елінде күш сынайды (ВИДЕО)

Жақында еліміздің бас ордасы Нұр-Сұлтан қаласында Пара дзюдодан ІІ Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті.

Оған Атырау командасынан 11 спортшы қатысса, оның үшеуін индерліктер құрады. Атырау құрамасы сапында күрескен жерлесіміз Темірболат Ташекенов 81 кг салмақ дәрежесінде екі қарсыласын таза жеңіп, финалда есе жіберіп 2 орынды еншіледі.

p

Ал 100 кг салмақта күрескен Ерлан Өтепов Ел біріншілігінің күміс жүлдегері атанды. Өкінішке орай, құрамаға жаңадан кірген Айбек Абдрахманов 73 кг салмақта бақ сынап жүлдеге іліге алмай қалды.{ytvideo

- Жақсы сайыс болды. Облысқа 4 алтын, 2 күміс жүлдемен оралдық. Атырау қаласы құрамасы командалық есеппен чемпион атанды. Оған біздің индерлік дзюдошылар да үлкен үлес қосты, - дейді  Пара дздюдодан 1 дәрежедегі жаттықтырушы,  Атырау мүгедектер клубының бапкері Нариман Нұрашев.

Сондай-ақ, жеңімпаздарымыз Темірболат пен Ерлан 18 ақпанға дейін Астана қаласында оқу-жаттығу жиынына қатысып, 19 ақпанда Грузия мемлекеті Тбилиси қаласына Әлем кубогіне аттанып, өнер көрсететін болады.

Кейін 27 ақпанға шейін оқу-жаттығу жиынын сол жақта жалғастырады екен.

Ендеше, сәттілік тілейміз.

Ақмарал БОКИРОВА

Индер ауданы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521