Жасөспірімдер жүлдемен оралды

Жақында Орал қаласында Дзюдо күресінен 2005-2007 және 2008-2009 жылы туған ұлдар арасында Батыс Қазақстан облысы дзюдо федерациясының ашық облыстық турнирі өтті.

Дүбірлі додаға Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарынан және аудандары мен қала мектептерінен 300-ге жуық спортшы қатысты. Білектің күші мен ердің ебі сыналған жарысқа ауданымыздан барған 12 спортшының 6-ауы жүлдемен оралды.

Нақтырақ айтсақ, 2005-2007 жылы туған Роллан Русланов 55 кг, Әлішер Амантаев 66 кг салмақта белдесіп, бас жүлде иеленсе, өрліктік ұлан Ізбасар Асхаров ІІІ орынды қанжығалады. Ал 2008-2009 жылғылар арасынан Асхаров Дамир (32 кг) І орыннан көрінсе, финалда бірінші орынға таласқан Мәлік Асылхан (26 кг) қарсыласынан ұтылып, ІІ орынға тұрақтады. Сондай-ақ, жерлесіміз Максим Дамир де (32 кг) ІІІ орынға табан тіреді.

- Шәкірттерім барын салып күресті. Қарсыластары мықты болды, бірақ намысты қолдан бермедік. Нәтижеміз де жаман емес, 3 алтын, 1 күміс, 2 қоламен оралдық, - дейді оларды жарысқа апарған аудандық балалар спорт мектебінің дзюдо бөлімі жаттықтырушысы Әділбек Құтқожин.

Айта кетейік, жерлестеріміздің жүлделі оралуына жаттықтырушылары дзюдо бөлімінің аға бапкері Нариман Нұрашев пен өрліктік Шапағат Жұмажановтың еңбегі зор.

Тоғжан САЙЫН,

Х.Досмұхамедов атындағы АтМУ студенті

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521