Дзюдодан паралимпиада басталды

6 қыркүйекте облыс орталығындағы "Атырау" спорт кешенінде дзюдодан паралимпиада чемпионатының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

 Шараны Атырау облысының әкімі Н.Ноғаев ашып, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ, Халықаралық дзюдо федерациясының төрағасы, Халықаралық зағиптар ассоцациясының Азия және Мұхит елдері спорттық комиссары сөз сөйледі.

 2ac1e96b-1e74-4e68-94ec-553c72b76e68

- Бүгінгі додаға түскелі отырған спортшыларға айырықша ризашылығымды білдіремін. Болмысындағы ерекшеліктеріне қарамастан, халықаралық деңгейде еліміздің намысын қорғауда. Осындай күш-қуат, жігерлеріңіздің әрі қарай да шыңдалуын, "жетістікке жетемін" деген ниеттеріңіздің орындалуын тілеймін,- деді Атырау облысының әкімі Н.Н.Асқарұлы спортшыларға ізгі ниетін білдіре отырып.

Айта кетейік, байрақты бәсекеде Австралия, Қытай, Индонезия, Үндістан, Иран, Жапония, Қырғызстан, Оңтүстік Корея, Моңғолия, Тайланд, Өзбекстан және елімізден 150 спортшы бақ сынасатын болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521