Алматыға жолдама алды

Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спорт жарыстары жақсы жолға қойылып келеді. Жақында ғана армрестлинг және пауэрлифтинг спорт түрлерінен облыс чемпионатында индерліктер табыспен оралды.

Армрестлинг, яғни қол күресінен 65 келіде Бергенбай Нұрхан, 70 келіде Оқас Мейрамбек, 55 келіде Қуат Жанеесев облыс чемпионы атанды.

Сондай-ақ Қуат Жанессев пауэрлифтинг спортынан да күш сынасып қола жүлдегер атанса, армрестлингтан Шынар Нұрғалиева 50 келіде күміс жүлде иеленді.

-Бұл біздің биылдыққа жолымыз түскен алғашқы жарысымыз. Өз салмақ дәрежелерінде чемпион атанған үш бірдей жерлесіміз алдағы уақытта Алматы қаласында өтетін Қазақстан чемпионатында жолдама алды. Бұл үлкен табыс, - дейді аудандық мүгедектер спорт клубының нұсқаушысы Жасұлан Бисенов.

Саламат Б

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521