ӘКЕСІ МЕН БАЛАСЫ ОЙ ЖАРЫСЫНАН ОЗДЫ

ҚР Конституциясы күніне орай Махамбет ауданында қазақтың ұлттық ойыны Тоғызқұмалақтан жасөспірімдер мен ересектер арасында сайыс өтті.

Онда Атырау қаласы, Махамбет, Жылой, Индер ауданы ойыншылары қатысып бақ сынасты. Ұл мен қыздар арасынан жекелей өткен сайыста ересектер арасынан Қарлығаш Құсайынова мен Амангелді Мұратов екінші орынды қанжығаларына байласа, 15 жасқа дейінгі жасөспірімдерден Ахмади Амангелді мен Арайлым Құсайынова бас бәйгені еншіледі. Жүзден іріктеліп жүйрік шыққандарға Грамоталар мен бағалы сыйлықтар тарту етілді.

Ал бар ынтасымен қатысқан жерлестеріміз Гүлмаржан Бейімбетова мен Аружан Аязбай "Үздік ойыншылар" атағына ие болып, марапатталды.

Айта кетейік, аққалалық әкелі-балалы Амангелді мен Ахмади, апалы-сіңілілі Арайлым мен Қарлығаш озық ойды қажет ететін бұл ойын түрінен аудан намысын ауыл, аудан, облыс, республика көлемінде қорғап келеді.

Ақмарал БОКИРОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521