Елімізде бірқатар әлеуметтік мәселені реттейтін заң қабылданды

Биыл жергілікті бюджеттерге шағын және орта бизнестен 386 миллиард теңге көлемінде корпоративтік табыс салығы түседі, деп хабарлайды "Dender gazeti"  басылымы «24 kz»-ке сілтеме жасап.

Келер жылы бұл көрсеткіш 428 миллиардқа жетеді. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Ұлттық экономика вице-министрі Ермек Алпысов осылай деді.

Еске салайық, жақында елімізде бюджетаралық қатынастарды жетілдіруге қатысты жаңа заң қабылданды. Оған сай, республикалық бюджетке ірі кәсіпкерлердің корпоративтік табыс салығы ғана түседі. Олардың тізімін Ұлттық экономика және Қаржы министрліктері үш жыл сайын бекітіп отырады. Сондай-ақ министрдің орынбасары несиелендіруге қатысты өзгерістер жөнінде де айтты.

Ермек Алпысов, ҚР ұлттық экономика министрінің орынбасары:

– Бұрынғы нормада егер несиені уақытылы төлемесе, 180 күн айыппұл өсетін еді. Әр күн сайын 0,5 пайызға. Биылғы жылдан бастап 90 күн ішінде асатын болса, одан кейін ешқандай төлемақы, үстемақы төленбейді. Сол ғана айырмашылық.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521