Атыраулық кәсіпкерлер Елбасы үндеуін қолдады

Атыраулық кәсіпкерлер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасын қолдайтындарын жеткізді, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Елбасы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті сын сағатта ел-жұртқа көмектескісі келетін және жәрдем бере алатын адамдардың қаражаты жинақталатын республикалық қор құруды ұсынған болатын. Осындай жағдайда бұрынғыша отандық ірі кәсіпорындар да қолдауын көрсетіндігіне сенім білдірді. «Атыраулық кәсіпкерлер бұл дер кезінде құрылған қорды барымызша қолдауымыз керек»,-дейді.

- Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған үндеуінде халықты бірігуге шақырды. Кәсіпкер ретінде мен Елбасының бұл үндеуін қолдаймын. Әрқайсымыз коронавируспен күресуге өз үлесімізді қосуымыз керек. Тек осылай ғана біз өз денсаулығымызды және ұлт денсаулығын сақтаймыз, - дейді кәсіпкер Оразбаева Айсұлу.

Кәсіпкерлер бұл бастама халықтың одан әрі біріктіретініне және барлық қиындықтарды ауызбіршіліктің арқасында жеңіп шығарымызға сенім білдірді.

m

- Елбасының үндеуін тыңдай отырып қазір елімізде болып жатырған жағдайға байланысты елдің азаматы ретінде бей - жәй қалмауды ойладым. Бұл үндеу жариялау дер кезінде нағыз халыққа қажетті мезгілінде жарияланып отыр деп есептеймін. Осы жағдайда Атырау өңірінің кәсіпкерлері үндеуді қолдап бірлік танытады деп есептеймін. Өзім басқарып отырған бизнес құрылымдарымның қаржысынан Елбасы айтқан қорға 1 млн теңге аударамыз деп шештік. Өтпелі қиындықты бірлесіп өтуге шақырамын,- деді ҚР фермерлер одағының Атырау облысы бойынша филиалы төрағасы, кәсіпкер Мұрат Сарманов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521