Өнерлінің өрісін тарылту – қиянат

Халқымыздың ғасырлар бойғы ән-күй қазынасы өнерді кәсіп еткен небір дүлдүл шебер орындаушылардың арқасында киелі қасиетін жоймай, ұлттық болмысымызды танытатын рухани құндылық болып бүгінгі күнге дейін жетіп отыр.

Біраз жылдардан бергі өнер мектебінің оқу жылының аяғында міндетті түрде өтуге тиісті мектеп бітірушілермен қатар өзге де сынып оқушылары қамтылған есептік концертінің көрермені болып келемін.

Концерттің мақсаты – тәрбиеленуші шәкірттердің орындаушылық өнерін таныту, мұғалімдердің кәсіби біліктілігі мен ұжымның әдістемелік шығармашылық деңгейін көрсету. Осы орайда жыл өткен сайын хор, вокал, оркестр, камералық ансамбльдер мен жеке орындаушылар шығармаларының күрделенуі, шеберліктерінің дамуы айқын байқалуы керек.

Соңғы 2015 жылдан бергі сараптап, салмақтап қарасақ, біз көріп жүрген концерттердің бағдарламалық құрамы, мазмұны өте жұпыны. Оқушылардың сыныптық сатыларға сай классикалық күрделі шығармаларды орындауға деңгейлері жетпейтіндері анық көрінуде. Алдымен шекті аспаптарда дыбыс тазалығын сақтау, штрихтарды (Штрих -арнайы белгілермен көрсетілетін аспаптарда ойнаудың техникалық шеберлік әдістері) сауатты ойнай білу жолға қойылмаған.

Сол секілді хореографиялық класс бар, классикалық би жоқ. Концерттің негізі қарапайым әндерден тұрады, оның да жартысына жуығы мұғалімдердің еншісінде. Негізі концерт 100 пайыз барлық аспап түрлері қамтылған 1-7 сыныптар арасындағы оқушылардан тұруы керек. Бір-екі мұғалімге концертмейстер болуға немесе ансамбль құрамында ойнауға рұқсат берілген. Сондықтан біздің көріп жүргенімізді оқушылардың есептік концерті деуге келмейді. Концерттің тағы бір ерекшелігі-бағдарламаның дені республикалық, халықаралық конкурстардың лауреаттарынан тұрса да шығарманың өзегіне бойлап тыңдаушысын тамсандырған орындаушы болған емес. Керісінше саусағын санап басып, шатасып кетпесем екен деп үреймен отырған орындаушыны көргенде өзің де үрейленесің.

Толығырақ газеттің 15 қараша күнгі №46 санына оқи аласыздар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521