ban2

Атыраулықтар арақ-шарапты аз тұтынушылар тізіміне енді

Қазақстанда 15 жастан жоғары орта жастағы азаматтардың қанша литр арақ тұтынғаны есептелді, деп хабарлайды FinProm.

Олардың есебінше орташа есеппен алғанда, бір қазақстандық 2,3 литр арақ тұтынады екен.

Елімізде Қарағанды облысы 2018 жылдың есебі бойынша арақ тұтанатын аймақтардың көшін бастап тұр. Бұнда бір тұрғынға 4,8 литр ішімдіктен келеді. Бұл Оңтүстік Қазақстан облысымен салыстырғанда (Түркістан облысы және Шымкент қаласы) жеті есе көп. ОҚО ащы сусынды ең аз тұтынатын аймаққа айналып отыр - бір адамға 0,7 литрден келеді.

Ащы сусынды тұтынуды азайту қазақстандықтардың нарықтық бағада алкоголь сусындарының бағасының күрт өсуінен болуы мүмкін деп болжанып отыр. 2019 жылдың наурыз айынан бастап арақ пен алкогольді ішімдіктердің ең төменгі сауда бағасы литрі 1923 теңгеге бағаланған.

Ал, 2018 жылы ащы судың ең төменгі бағасы бірден 200 теңгеге қымбаттаған болатын. Тұрғындардың арақ өнімін тұтыну азайса да, шарап тұтыну сол қалпында 19 миллион литр деңгейінде қалып отыр. Ал, шарап өндіру былтыр 12,7 миллион литр болса, биыл 13 миллион литрге дейін өскен. Осы жылдың жеті айында Қазақстанда акциздік түсімдер 188,1 млрд. теңгені құрады, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 11% -ға көп.

сурет: ашық дереккөз

Жарнама

banner_small

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Бейнебаян жаңалығы

Жарнама

banner_small

baner