Жайықтың ақыны Сыр бойында (ВИДЕО)

Майлы қиян бойынан басталған ақын Асантемір Қаршығаұлының жыр кеші Қызылорда қаласындағы Асқар Тоқмағанбетов атындағы мәдениет сарайындағы кездесуге ұласты. Мұның алдында Атырауда ақынның "Тәңірге хат" атты кітабының тұсау кесілген болатын.

Көрісу күні қарсаңындағы "Оралдан ақын келді көрісуге" атты шарада алдымен Қызылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Асқарбек Есжанов Жайық бойы мен Сыр өңірінің руханиятының көрісу күні тоғысуы жақсы бастама екенін айта келе, ақынның иығына шапан жапты.

zhanaj-agaj

Сондай ақ Темірбек Жүргенов атындағы қордың президенті Сәпен Аңсатов ағамызда ақыш шығармалары хақында ойымен бөлісті. Кездесу одан әрі белгілі айтыскер ақын Мұхтар Ниязовтың жүргізуімен ақынның балалық шағына арналған қойылыммен басталып, жастар театры өнерпаздарының ақын өлеңдерін оқуы, ән-жырға ұласты.

Рухани шара соңында журналист Жанай Амантурлин Жайық бойындағы ел-жұрт атынан қызылордалықтарға ақжарма тілегін арнап, шараның өтуіне ұйтқы болған ақын Оңталап Нұрмұқановқа Атырау облыстық мәдениет басқармасының алғыс хаты мен сыйлығын тапсырды. Ал жыр кешінің иесі Асантемір Қаршығаұлы барша ағайынға алғысы ретінде өлеңдерін оқып, көрермендерді тәнті етті.

Айта кетейік, бұдан бұрын ақынның Батыс Қазақстан облысында шығармашылық кеші өткен болатын.

"Дендер"-Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521