КЕЛЕР ЖЫЛДЫ АСЫҒА КҮТЕМІЗ

 Келер жылды асыға күтетін себебіміз 2020 жылдан бастап мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысы өседі. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында жария етті.

Онда «Біз мәдениет саласында жұмыс істейтін азаматтарға жеткілікті түрде көңіл бөлмей отырмыз. Бұл – ең алдымен, кітапхана, музей, театр қызметкерлеріне қатысты мәселе. Олардың еңбекақысы соңғы жылдары мүлде көбейген жоқ. Соның салдарынан мәдениет қызметкерлері, әсіресе жас мамандар жеңілдік бар тұрғын үй бағдарламаларына қатыса алмайды. Келер жылы Үкімет мәдениет саласының еңбекақысын көбейтуі тиіс»,-делінген.

Міне, біз сияқты барша мәдениет қызметкерлерінің жұмысына шабыт беріп, руханиятты көтеруде ерекше серпін береді. Сондықтан да Мемлекет басшысының Жолдауын қолдап қана қоймай, ондағы қойылған міндеттерді жүзеге асыруға атсалысамыз.

Майгүл ЖАЛҒАСБАЕВА,

аудандық музейдің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521