Абай байқауында өнерпаздарымыздың жұлдызы жанды

Күні кеше Атырау қаласында «Қазақстан таланттары» өнер білім дамыту шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған Республикалық «Құлақтан кіріп, бойды алар» атты балалар және жастар байқауы өтті.

Аталмыш өнер бәйгесінен аудандық өнер мектебінің гитара, вокал, скрипка сыныбының оқушылары Арман Мақсанов, Әділет Болатов және Милана Маратова, ал дәстүрлі ән бағамы бойынша бөденелік Қарақат Жамбылова мен Фарида Саламат, «Інжу-Маржан» би тобы Бас жүлде атанып, ұстаздарының үмітін ақтай білді.

Енді «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атанған жүлдегерлер жақында Алматы қаласына өтетін кезеңге жолдаманы жеңіп алды. Жалпы бұл байқауда аталмыш мектептің II, III орындармен марапатталғанды айтып өткен жөн. Ал шәкіртінің талабын ұштап, өнерге баулыған жетекшілері Н.Қаркешов, Е.Каримов, А.Есқалиева, Г.Сариева, Г.Қарабаева да алғыс хатқа ие болды.

Бұл ақжолтай жаңалық өнер мектебінің осы оқу жылындағы жетістіктерін еселей түсті.

Диас АЙБАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521