Атырауда волонтерлар жаға бекіту жұмыстарына тәулік бойы жұмылып жатыр

Қазіргі таңда Жайық жағалауы бойынша қауіпті деп белгіленген 100 пунктте бөгет соғу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қалыптасқан ахуалға байланысты, бір ғана Атырау қаласының өзінде бес мыңға жуық волонтер көмекке жұмылуда.

Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының  Азаматтық орталығы ұйымдастыру бөлімінің маманы Ақбөбек Тәттібекқызының айтуынша, волонтерлар жаға бекіту,  автоволонтерлық және гуманитарлық көмек көрсету пунктінде қызметтер атқаруда.

“Атырау қаласы бойынша, су басу қауіпі бар деп танылған ықшамаудандар, қала маңындағы ауылдар территориясына жауаптылар  бекітіліп, кәсіпорындар, жергілікті атқарушы билік органдарымен бірге, волонтерлар бөгеттерді қалыптастыру, қапшықтарға топырақтар жинау жұмыстарын жүргізуде күні-түні үздіксіз жұмыстар жасауда”,-  дейді Ақбөбек Тәттібекқызы.

Айта кетейік, қазіргі таңда Атырау қаласында 5000-ға жуық волонтер жаға бекіту, қапшықтарға топырақтар жинау, эвакуациялық пункттерде көмек көрсетуде.

Облыстық жедел штаб

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521