Жұлынға ота жасаудан израилдық шеберлік сыныбын өткізді

Атырау облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері Алматыда БЦСА балалардың жұлынына бірегей ота жасады

БЦСА (балалар церебрал сал ауруы) дертіне шалдыққан бес атыраулық балаға ота жасалуын және олардың әрі қарай оңалуын "Милосердие" қайырымдылық қоры ұйымдастырды.

Израилден шақырылған нейрохирург Алматыдағы клиникалардың бірінде қазақстандық әріптестеріне шеберлік сыныбын өткізді. Оның ішінде, сегіз бен он бес жас аралығындағы балалардың жұлынына ота жасалды. Ота барысында израилдік дәрігердің ассистенті – Атырау облыстық балалар ауруханасының нейрохирургы – Арипов Шадиор болды. Әр отаның ұзақтығы сегіз сағатқа дейін созылды.

operatsiya

- Барлық оталар сәтті өтті. Отадан соңғы оңалу жеті күнге созылды. Одан соң, 9 желтоқсанда, біз Атырауға қайттық, - деді Шадиор Арипов. Қазіргі таңда, балалар облыстық балалар ауруханасы базасында қалыпқа келу емі кезеңінен өтетін болады.

Жергілікті дәрігерлерге алматылық мамандар – "АРДИ" оңалту орталығының дәрігерлері жәрдемдесетін болады. Олар облыстық балалар ауруханасының дәрігерлерін бірегей емдік денешынықтыру әдістеріне үйретеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521