Анықтама құнының анық-қанығы

086 медициналық анықтама бағасының қымбаттап кеткені көпшіліктің наразылығын туғызды. Бағаның бұлай аспандауына не себеп?

Индер аудандық аурухананың бас дәрігері Б.Төлегеннен осы сұраққа жауап алдық. Оның айтуынша, баға министрлік бекіткен тариф бойынша қойылады екен. Анықтамаға күні кешеге дейін 5600 теңге төленіп келсе, өткен жылдың қазан айында 7100-ге көтерілген. Ал, қазір мекемені қаржыландыратын ӘМСҚ басшысының келісімімен 4500 теңге болып отырған көрінеді.

Сондай-ақ, сәуір-мамыр айларынан бастап тұрғындар анықтаманы халыққа қызмет көрсету орталығынан электронды egov.kz арқылы тегін ала алады.

Бір ескеретін жайт, әр адам жылына бір рет медициналық тексерістен өтуге міндетті. Егер сол жыл басынан тексерілмесе электронды нұсқадан өтпегендігі туралы ақпарат базада шығып тұрады.

«Дендер»-Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521