Мұғалімдердің дәстүрлі тамыз кеңесі өтті

Аптаның дүйсенбі күні аудандық жаңа мәдениет үйінде дәстүрлі мұғалімдердің тамыз кеңесі өтіп, онда жаңа оқу жылында ұстанар бағыт-бағдар, бiр жыл бойы атқарылған жұмыстар қорытындыланып, сараптама жасалып, бiлiм беру саласында түйiнделген өзектi мәселелерді қамтылды.

Оған аудан әкімі Мейірім Қалауи мен орынбасарлары, аудандық мәслихат хатшысы Бағдат Сапаров, бөлім басшылары мен бір топ ардагер ұстаздар қатысты. Алдымен пленарлық мәжіліс басталмас бұрын мәдениет үйінде әр мектептен қойылған әдістемелік көрме ұйымдастырылып, келушілердің назарына ұсынылды. Одан соң аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы Орынша Ділмұқашева өткен оқу жылының қорытындысы және жаңа оқу жылындағы міндеттер туралы баяндады. (Баяндама газетіміздің 23 тамыздағы санында жарық көрді).

dsc_1382

dsc_1393

dsc_1412

Кейін жарыссөзге «Қызғалдақ» бөбекжай бақшасының әдіскері Айнагүл Уразмуханбетова «Білім мен тәрбие батсауы - балабақшада», Жамбыл атындағы орта мектептің директоры Майра Сабирова «Жаңартылған білім ізденіспен тәжірибе», Ә.Кекілбайұлы атындағы орта мектептің ата-анасы Альфия Қыдырғали «Бала тәрбиесіндегі ата-ана жауапкершілігі», М.Әуезов атындағы орта мектептің математика пәнінің мұғалімі Қ.Ғилманов «Болашақ жастардың қолында» тақырыбында хабарлама жасады.

dsc_1418

dsc_1454

dsc_1457

Бұл күні білім саласында шығармашылықпен еңбек еткен ұстаздар Білім және ғылым Министрінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хатына, аудан әкімінің Алғыс хатына, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Құрмет грамотасы мен Алғыс хатына, облыстық, аудандық мәслихаттың Алғыс хатына, бөлімнің Құрмет грамотасы мен Алғыс хатына ие болды.

dsc_1470

dsc_1477

Диас АЙБАР.

Суреттерді түсірген автор.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521