ban2

Мұғалім жалақысы 2 есе өседі

Алдағы 4 жылдың ішінде мұғалімдердің еңбекақысы 2 есеге өседі. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы Тамыз конференциясында Үкіметке осындай тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Педагог жүктемесін қысқартатын, кәсібіне сай емес қызметтерге тартуға тыйым салатын шектеу қою, шектен тыс есептілік пен негізсіз тексерулерді шектеу дербес қаралады. Мұғалімдердің еңбекақысы базалық лауазымдық жалақы арқылы есептеледі. Сол себепті елдегі 500 мың педагог айлығының елеулі мөлшерде өскенін сезіне алмай отыр. Мұны тура айту керек», - деген Мемлекет басшысы ұстаздардың қазіргі еңбекақысына көңілі толмайтынын жеткізді.

«Мұғалімдердің еңбекақысы ең төменгі айлықтардың бірі болып тұр. Экономикадағы орташа еңбекақының 65 пайызын ғана құрайды. Әрине, мұнымен келіспейміз. Сондықтан Үкіметке білім жүйесіне білікті мамандар тарту мақсатында және педагогтардың мәртебесін көтеру үшін мұғалімдердің еңбекақысын 4 жылдың ішінде 2 есеге арттыруды тапсырамын», - деді Президент.

Еске салсақ, Елордадағы Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Тамыз конференциясы өтіп жатыр. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Тамыз конференциясында ағылшын тілін оқыту қай сыныптардан басталатынын айтты. Конференция барысында Мемлекет басшысы барлық педагогтардың еңбек демалысы 56 күн болатынын мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

strakhovaniya

Фотогалерея

Бейнебаян

Тегтер

Метки отсутствуют.

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
Zhanai-min

Жанай Амантурлин Исламғалиұлы
- бас редактор

Aral-min

Арал Байжігітов
- бас редактордың орынбасары-жауапты хатшы


Suieu-min

Сүйеу Халықов
- жоғары санатты тілші


salamat-min

Саламат Базарбаев Сансызбайұлы
- бірінші санатты тілші


Dias-min

Диас Айбаров Ағысұлы
- екінші санатты тілші

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

baner