"БАЛБӨБЕК" БАЛАБАҚШАСЫНДАҒЫ КӨҢІЛДІ КЕШ

Жақында Бөдене ауылындағы «Балбөбек» балабақшасында «Жалынды жастар» тақырыбында жас аналар арасында бес кезеңді қамтыған сайыс өтті.

Жастар жылына орай ұйымдастырылып отырған бұл кештің мақсаты – жас аналардың білімдері мен қоса өнерлерін, еңбектерін ұштастыру болып табылады. Балабақшаның төрт тобынан бір-бірден қатысқан жас аналар алғашқы кезеңде өздерін өлең шумақтарымен таныстырса, келесі кезеңдер де өнерлерін көрсетіп, пародия жасап, өз қолдарынан жасалған дәмдерін ұсынып, әзілдерін әдемі жеткізе білді. Сонымен әділ-қазылардың әділ шешімімен Бас жүлдені «Алтын ұя» тобының бүлдіршіні Мейірімнің анасы Самал Өмірзақова еншіледі. Ал сайыстың бірінші орыны «Ботақан» тобының бүлдіршіні Диастың анасы Индира Ділімоваға, ал екінші орыны «Күншуақ» тобының бүлдіршіні Мейіржанның анасы Жанна Абиловаға, үшінші орыны «Балапан» тобының бүлдіршіні Азизаның анасы Гауһар Сахипаваға бұйырды.

Міне, әрдайым балабақшада жас аналар осындай сайыстарға құлшына қатысатын болса, балабақша мен ата-аналар арасында қарым-қатынас нығая түсуі сөзсіз. Бүгінгі ұрпақ, ертеңгі болашағымыз екенін ұмытпайық ағайын!

Диас АЙБАРОВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521