Атыраулықтар зағип жандарға арналған бұйымдар ойлап тапты

Атырауда Қазақстандағы тұңғыш цифрлық өндіріс зертханасы өз жұмысын нәтижелі атқарып келеді. Мұнда үш жыл ішінде қырықтан астам әлеуметтік жоба жүзеге асырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған «Заңғар» жобасы аясында ашылған Fab Lab Atyrau – цифрлық қондырғылар зертханасының портативті нұсқасы арқасында қол жеткізілді. Зертхана жұмысына 10 мен 22 жас аралығындағы оқушылар мен студенттер жұмылдырылған. Зағип жандар мен көруі нашар адамдардың жолындағы кедергілер жөнінде ақпараттандыратын жабдық «Электросонар» деп аталады. Оны 3D принтер арқылы шығарған. Арнайы компьютерлік бағдарламалар көмегімен «басылған» жабдық алюминий, болат және пластик секілді қолжетімді материалдардан жасалған.

Нұржан Аманқосов, Fablab цифрлық зертханасының менеджері:

- Біздің цифрлық шеберханамызда әртүрлі әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді. Соның бірі – зағип жандарға арналған арнайы білезік. Ол арақашықтықты анықтауға, жолдағы кедергілер туралы белгі беруге арналған.

Жақында ғана цифрлық зертханада тағы бір жоба іске қосылды. Ұйымдастырушылар балаларға жиһаз бөліктерін өз беттерінше жасау қызық болады деп ұйғарыпты. Мысалы, Мейірбек Қайыров есімді студент аталған жоба аясында цифрлық қондырғы көмегімен екі өлшемді форматта тақтай ат пішініндегі жиһаз құрастырыпты. Оған бір аптадай уақыт кеткен.

Мейірбек Қайыров, жобалаушы:

-Басында аттың суретін іздеп таптық. Одан соң оны жетілдіруді ойластырдық та, сөре пішінінде жасауды ұйғардық. Бұл жиһазды сөре ретінде де, болмаса, үйіңіздің интерьерінің бір бөлігі ретінде де пайдалануға болады.

Көп кешікпей зертхана шәкірттері өз жобаларын оқушылар мен студенттердің ең үздік жұмыстары көрмесіне қойып, көпшілік назарына ұсынбақ. Олардың айтуынша, көрмеге келушілерді қызықтырған бұйымдар тиімді бағамен сатылымға да шығарылады.

Арыстанбек Кенже, Амантай Мәтенов

Сурет: дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521