Атырауда оқу орталығын ашып, ата-аналарды алдап кеткен келіншек ұсталды

Облыс орталығы мен кейбір аудандарда оқу орталығын ашып, ата-аналарды алдап кеткен келіншек ұсталды. 26 жастағы Орал қаласының тұрғыны уақытша тергеу абақтысына қамалған.

Естеріңізге салайық, бұған дейін келіншекке алданған ата-аналар туралы айтқанбыз. Кәсіпкер қаланың бірнеше ықшам ауданынан түрлі атаумен оқу орталықтарын ашып, алдын-ала ақша жинап алған.

Алайда қызмет көрсетпестен, түрлі сылтаумен орталықты жауып тайып тұрыпты. Алданған жұрт енді қаржысын қайтара алмай жүр. Араларында келіншектің қолына 100 мыңнан бастап 1 миллион теңгеге дейін ұстатқандар да бар.

Айтуларынша, Атырау облысы бойынша осы келіншекке алданғандардардың саны 500-ге жуықтауы мүмкін. Бірақ, полицейлерге тек 20 шақты ата-анадан арыз түскен.

 

Caspian News сайтынан 

Атырау

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521