ban2

Атырауда инклюзивті сынып ашылды

Атырауда аутизм белгілері бар балалар үшін инклюзивті сынып ашылды 12 қыркүйек «Авангард» ықшам ауданындағы №3 гимназия-мектебінде инклюзивті сынып ашылды, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Инклюзивті сыныптың ашылуына Атырау облысы білім басқармасының қызметкерлері, қалалық білім бөлімінің инклюзив бойынша жауапты маманы, Атырау облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация мекемесінің басшысы, мектеп ұжымы мен ата-аналар қатысты. Қазірдің өзінде сыныпта 5 бала білім алып жатыр.

Мұнда психологиялық денсаулығы тежелген аутизм белгілері бар балаларды АВА әдісі бойынша оқыту көзделген. Тьюторлардың сүйемелдеуімен оқушыларды қалыпты балалардың қатарына қосу орталық мамандарының мақсаты болып табылады.

Сынып «Инклюзия болашақ Атырау» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен, «СОС» компаниясының қолдауымен ашылды. Жиында білім басқармасы қызметкерлері инклюзивті сыныптар ашу жұмыстарын жүргізуге қолдау білдіргені үшін Атырау облысының әкімі Н.Ноғаевқа алғыс білдірді. Айта кетейік, бүгін, 13 қыркүйек күні қаладағы №24 орта мектепте де «инклюзивті сыныптың» ашылу рәсімі өтетін болады.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

strakhovaniya

Фотогалерея

Бейнебаян

Тегтер

Метки отсутствуют.

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
Zhanai-min

Жанай Амантурлин Исламғалиұлы
- бас редактор

Aral-min

Арал Байжігітов
- бас редактордың орынбасары-жауапты хатшы


Suieu-min

Сүйеу Халықов
- жоғары санатты тілші


salamat-min

Саламат Базарбаев Сансызбайұлы
- бірінші санатты тілші


Dias-min

Диас Айбаров Ағысұлы
- екінші санатты тілші

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

baner