АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

«Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты алғашқы қоңырау салтанаты аудандағы ең үлкен білім ордалардың бірі - М.Әуезов атындағы орта мектепте өтті.

Ортаға Қазақ Елінің Мемлекеттік туы әкелініп, Гимн шырқалды. Мектеп директоры Роза Дәулетова құттықтау тілегін арнап, биылғы оқу жылында мектепті 1058 оқушы және мектеп алды даярлықта 105, ал 1 сыныпқа 127 оқушы қадам басқалы отырғанын атап өтті. Салтанатты шарада аудан әкімінің орынбасары Ақтілек Мусағалиев, білім бөлімінің әдіскері Алтынгүл Қобдағанова, ата-аналар атынан Ақжібек Сабырғалиева, оқушы Нұрзила Рахметқалиева құттықтау тілектерін білдірді.

mekta

mekta12

Оқушылар өнерлерін ортаға салып, ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығана орай өлеңдерін жатқа оқыды, челлендж жолдады. Алғашқы қоңырауды 11 сыныптың оқушылары, республикалық «Айбын» әскери-патриоттық сайыстың жеңімпазы Данияр Жалғасбаев пен «Алтын белгі» белгісіне үміткер Айым Қалданова және 1 сыныптың оқушылары Серікқали Бекнұр мен Наргиза Сисенғалиева соғып, оқушылар мектептеріне қадам басты.

Саламат Б

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521