Жұмыс тоқтағаны үшін 42 мың теңге төленеді

Төтенше жағдай кезінде жұмыстың мәжбүрлі тоқтап қалуына байланысты жұмыс берушілер жұмысшыларға ең төменгі жалақы - 42 500 теңге төлеуі тиіс. Бұл туралы брифингте Атырау облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Игілік ӘУБӘКІРОВ мәлімдеді.

- Жұмыс көлемі қысқарған жағдайда қызметкерлерге нақты жұмыс істеген уақыты үшін жалақы төленуі тиіс. Егер кәсіпорын өз қызметін уақытша тоқтатса және жұмысшыларды үйлеріне жіберетін болса, онда жұмысты тоқтатқаны үшін минималды жалақы - 42 500 теңге төлеуі тиіс, - деді Әубәкіров. - Егер еңбек және ұжымдық шартта өзгеше қарастырылса, онда ол осы құжаттарға сәйкес төленеді, бірақ ең төменгі жалақы мөлшерінен кем болмайды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

azh.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521