ЖАЛПЫ БӨЛІМДЕ ЖАҢА БАСШЫ

Индер ауданы әкімі аппараты жалпы бөлімінің басшысы болып Алдабергенова Гульфия Өтеуқызы тағайындалды.

Гульфия Өтеуқызы - 1989 жылы 6 сәуірде Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кентінде дүниеге келген. Ұлты - қазақ. Білімі - жоғары. 2013 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «Ақпараттық жүйелер бакалавры» мамандыгы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2008 жылы Индер аудандық орталық ауруханасында хатшы қызметінен бастаған.

2008-2009 жылдары Индер аудандық пошта байланыс торабында маман, 2010 жылдан күні бүгінге дейін аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінде инспектор, бас маман қызметтерін атқарды. «Nur Otan» партиясының мүшесі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521