Жалған ақпар жарға жықпасын

"Әлемдік деңгейде кеңінен таралған Коронавирус індеті ауданға да келіпті. Германияда оқитын жергілікті азамат ауылға демалысқа келген, студенттен осы індеттің белгілері бар екен, сондықтанда ол Индер ауданындағы жұқпалы ауруларды емдейтін бөлімшесіне түскен көрінеді" деген ақпарат әлеуметтік желі де жариялағалы дендерлік жұрттан маза қашқандай.

Біз әңгіменің анық-қанығын білу үшін Индер аудандық ауруханасының бас дәрігері Бауыржан Төлегенге хабарласқан болатынбыз.

- Германиядан келген студент біздің ауруханада оқшаулау палатасында жатыр, бірақ одан коронавирус анықталған жоқ. Оқшаулау уақыты аяқталғаннан кейін азамат үйіне жіберіледі. Ал әлеуметтік желіде жарияланған ақпарат жалған екенін ескертемін. Жалған ақпарат таратқан адамды анықтау үшін құқық қорғау органдарына шағымданатын боламыз,-дейді ол.

С.КӨШЕКОВ

"Дендер"-Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521