ban2

Шағын ауылдың шағымы тыңдалды

Әкімдердің халық алдында есеп беру жиыны ауданға қарасты Ынтымақ елді мекенінде жалғасын тауып, оған аудан әкімінің орынбасары Салауат Өтеғұлов бастаған бірнеше мекеме басшылары қатысты.

Есбол ауылдық округіне қарасты Ынтымақ ауылында 101 үйде 573 адам тұрады. Ауылда 120 орындық мектеп, шағын мәдениет үйі секілді әлеуметтік нысандар бой көтерген. Ал өткен жылы аяқталған, тақтайдай тегіс ауылішілік жол да тұрғындардың қуаныштарын еселей түсті. Сол секілді тұрғындардың көтеріп жүрген балабақша мәселесі де өз кезегінде шешілетін болады.

Жиын барысында тұрғындар арасынан сөз алған зейнеткер Қисметолла Әмірханов ауыл маңындағы жыңғыл іші қаптаған кенеден көз аштырмайтынын, оған өткен жылы келген техниканың да мардымсыз болғанын, мектепке арнайы автобус керектігін көтеріп, аудандағы қазпоштаның жайы мәз емес екендігін, ауылда газет-журналдардың уақытында таратылмайтынын, ауданда көз дәрігерінің жоқтығын жеткізді.

Ал тазалық мәселесі мен балалар денсаулығына алаңдаған зейнеткер Айжамал Иманғалиева осыдан екі-үш жыл бұрын ескі мектеп ғимаратын бұзып алған кәсіпкердің әлі күнге дейін орынын қалыпқа келтірмей отырғанын көтерді. Зейнеткер-ұстаз Сағира Асанова ауылдағы орта мектеп жанындағы шағын және даярлық тобында білім алатындардың саны 10-ға жетпейтінін айтып, ауылда жаңадан салынатын балабақшаның жайын мәлімдеді. Сонымен бірге жұмыс көзі болмағандықтан ауылдан көбі көшіп жатқанын, дәрігердің жоқтығын, тазалық мәселесі де өткір тұрғанын қаперге берді.

Тұрғын Нұртас Қарақұлов Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай ауылдағы соғыс ардагерлеріне арналған ескерткіш орнатуды, ауылда жайылымдық жердің, мал бағасының шарықтап баратынын, ал Мұхамбет Иманғалиев көше шамдарының жанбайтыны мен бұралқы иттердің көптігін айтты. Жиында келгеніне екі айға жуық болған округ әкімінің міндетін атқарушы Абзал Рамазанов басылымдарға тұрғындарды жазу, оны дер кезінде тарату үшін қызметкер қамтылғанын, бала күтімімен отырған дәрігермен келісім жүрзігіліп жұмысқа шығаруды, ескі мектеп жанындағы қоқыстарды санитарлық тазалық кезінде жинау сынды ынтымақтықтардың көкейкесті сұрақтарына жауап беріп, кейбір жұмыстар зерделеніп, басшылыққа алынып, жергілікті баспасөз бетінде жарияланатынын түсінірді.

Ал аудан әкімінің орынбасары С.Өтеғұлов жиынды қорытындылады.

Диас АЙБАРОВ

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

strakhovaniya

Фотогалерея

Бейнебаян

Тегтер

Метки отсутствуют.

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
Zhanai-min

Жанай Амантурлин Исламғалиұлы
- бас редактор

Aral-min

Арал Байжігітов
- бас редактордың орынбасары-жауапты хатшы


Suieu-min

Сүйеу Халықов
- жоғары санатты тілші


salamat-min

Саламат Базарбаев Сансызбайұлы
- бірінші санатты тілші


Dias-min

Диас Айбаров Ағысұлы
- екінші санатты тілші

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

baner